
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің төрағалығымен 2022 жылдың 1 тоқсанындағы ғылыми-техникалық бағдарламалардың есептерін тыңдау бойынша кеңес өтті.
"Денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" 013 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде орындалатын 2021-2023 жылдар іске асыру мерзімімен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың 7 ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша іске асыру барысы қаралып, өзекті мәселелер талқыланды.
Ғылыми - техникалық бағдарламалардың жетекшілері келесі ғылыми зерттеулердің орындалу барысы туралы баяндады:
- "Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы". Орындаушы - " С. Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ" КЕАҚ. Ғылыми жетекшісі - Т. М. Салиев.
- "Қартаю және салауатты өмір сүру ұзақтығы". Орындаушы - "Назарбаев Университеті" ДБҰ. Ғылыми жетекшісі - профессор Прим Сингх.
- "COVID-19: коронавирустық инфекцияны қоса, жаңа респираторлық инфекциялардың таралуына жауап беру жүйесінің ғылыми-технологиялық негіздемесі". Орындаушы - "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ. Ғылыми жетекшісі-А.А. Тұрмұхамбетова.
- "Геномиканың қазіргі заманғы тәсілдерін ескере отырып, қатерлі ауруларды ерте диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және дамыту". Орындаушы-"Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты"АҚ. Ғылыми жетекшісі-Д.Р. Кайдарова.
- "Жарақаттарды, жарақаттардың салдарын, аяқ-қол, омыртқа және жамбас ауруларын диагностикалаудың, емдеудің тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологияларды әзірлеу және ғылыми негіздеу". Орындаушы - "Академик Н.Д. Батпенов ат. Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" ШЖҚ РМК. Ғылыми жетекшісі-О. С. Бекарысов.
- "Қан айналымы жүйесі ауруларынан, созылмалы респираторлық аурулардан және қант диабетінен мезгілсіз өлім қаупін төмендетуге бағытталған инновациялық және жоғары тиімді технологияларды әзірлеу". Орындаушы-"Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты"АҚ. Ғылыми жетекшісі-К. Б. Абзалиев
- ҒТП "Қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға әсер ету үшін қоғамдық денсаулық сақтау технологияларын, биологиялық қауіпсіздікті әзірлеу және ғылыми негіздеу". Орындаушы - "М.Айқымбаев ат. Ұлттық ғылыми аса қауіпті инфекциялар орталығы" ШЖҚ РМК. Ғылыми жетекшісі-Т. К. Ерубаев.
Бейнеконференциялық байланыс арқылы кеңес жұмысына қатысушылар зерттеу барысында туындаған мәселелерді ашып, оларға жауап ала алды.