Сараптамалық брифингке қатысушылар денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

Сараптамалық брифингке қатысушылар денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін ОКҚ алаңында өткен сараптамалық брифингке қатысушылар денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелері мен медициналық көмектің сапасын арттыру шараларын талқылады.
Талқылау форматында салалық сарапшылар мен денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды бастамалар, Мемлекет басшысының аурухана инфрақұрылымын жаңғырту, медициналық жабдықтарды орталықтандырылған сатып алу жөніндегі бірқатар тапсырмаларының орындалуы, ауылдық денсаулық сақтау деңгейін арттыру жөніндегі шаралар туралы пікірлерімен бөлісті.
Модератор Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының Басқарма төрағасы Александр Костюк болды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева медициналық көмек көрсету жүйесіндегі өзгерістер, нормативтік-құқықтық актілер және "100 күн-100 сұрақ" әлеуметтік жобасының қорытындылары туралы баяндады.
Ауылдық денсаулық сақтауда медициналық қызметтерге қол жеткізудің негізгі элементтерінің бірі шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін көліктік медицинаны енгізу және дамыту болып табылады.
Мәселен, 2021 жылы жылжымалы медициналық кешендердің медициналық қызметтерімен 2542 шалғай ауылдың 1,8 млн.тұрғыны қамтылды, оның ішінде 413 853 бала, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "100 күн – 100 сұрақ" жобасы аясында арнайы мамандардың қызметтерін алудың ұзақ процесіне қатысты азаматтардың көптеген өтініштеріне жауап ретінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізді.

Онкологиялық және гематологиялық аурулармен ауыратын науқастарға ыңғайлы болу үшін "жасыл дәліз" енгізілді.

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде ТМККК пакетінде аурулардың алдын алу және ерте анықтау мақсатында ағымдағы жылы пилоттық режимде ауыл деңгейінде халықты профилактикалық тексеруді кеңейту мәселесі пысықталуда", - деп атап өтті МКҰД директоры.

"2030 жылға дейін өңірлік даму жоспарлары аясында 972 МАСК нысанын, аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде 35 жаңа аурухана салу және ашу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 1 033 аурухана мен емхананы күрделі жөндеу жоспарланған", - деп хабарлады ҚР ДСМ Инвестициялық жобалар департаменті директорының міндетін атқарушы Әмина Жемакишева.
Ол ескірген инфрақұрылымның негізгі проблемаларын және әсіресе ауылдық деңгейдегі медициналық-санитарлық алғашқы көмектің қолжетімділігін денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік жоспарларын іске асыру шеңберінде кезең-кезеңімен шешу жоспарланғанын атап өтті.

Өз кезегінде, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша "СК-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Омарова мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 31 отандық өндіруші шамамен 116 млрд теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 928 атауын өндіретінін хабарлады.
Қорытындылай келе, ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары Гүлнафис Жүсіпалиева медициналық кадрлармен қамтамасыз ету туралы айтып берді.
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде барлық ведомстволарды ескере отырып, медицина қызметкерлерінің саны шамамен 270 мыңды құрайды, оның 78 мыңнан астамы – дәрігерлер және 189 мыңға жуығы – орта медициналық персонал.
"Өткен жылмен салыстырғанда дәрігер кадрлардың + 2.3% - ға және орта медицина қызметкерлерінің +1.6% - ға өсуі байқалады. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлік персоналмен қамтамасыз ету 40,9-ді, орта медициналық персонал – 98,7-ні құрады, бұл Еуроодақ елдерінің көрсеткіштерімен салыстыруға келеді", - деп атап өтті Г.Жүсіпалиева.
Кадрлық проблемаларды шешу үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігердің жалақысы кезең-кезеңімен артып, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру бойынша шаралар заңнамалық түрде енгізілуде.
Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Айтбаев ауылдық жерлерге медицина қызметкерлерін тарту үшін ынталандыру шараларын құру туралы өңірлік тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен акушерия-гинекология, анестезиология, неонатология, педиатрия сияқты мамандықтар бойынша ауылдағы дәрігерлерге бірден 5 млн теңгеге дейін төленеді, басқа бейіндер бойынша көтерме ақы 3,5 млн теңгеге жетеді.