"Құрметті әріптестер, бас дәрігерлер, ауылда медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ел тұрғындарының жартысын құрайтын ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру денсаулық сақтау саясатының басты басымдығы болып қала береді. Негізгі медициналық, инфрақұрылымдық, технологиялық ресурстар қалаларда шоғырланған жағдайларда ауыл тұрғындары әлі де білікті медициналық қызметтер, мамандандырылған көмек алуда қиындықтарға тап болады. Біздің ортақ міндетіміз - әрбір өмір үшін күресу, адам қай жерде тұрса да, ол біздің пациент болып қала береді, ал дәрігер оған ең қажетті көмек көрсетуі тиіс", - деді А.Ғиният кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде.
Министрдің айтуынша, көптеген проблемалардың тарихи тамыры бар, олар жылдар бойы созылып, бүгінде денсаулық сақтау саласына үлкен жүктеме түсіруде. Бұл кадр тапшылығы, медициналық объектілердің физикалық тозуы, жол-көлік қатынасының әлсіздігі, ауылда медициналық техникамен жарақтандырудың төмендігі. Ол дәстүрлі түрде ауыл тұрғындары амбулаториялық мекемелерге жиі баратынын, ал шұғыл денсаулық проблемалары кезінде ғана ауруханаға жатқызылатынын, тұрмыстық сипаттағы қиындықтарға байланысты жоспарлы емдеуге жатқызудан бас тартатынын атап өтті.
Осыған байланысты, Министрлік ауыл тұрғындарын бастапқы диагностикамен қамтуды арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асырып жатқанын, ол үшін барлық жастағы ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеру жүргізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленгенін, оны 1 шілдеден бастап іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұдан басқа, ауылда медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі, медициналық көмек көрсету стандарттары қайта қаралатын болады, көлік медицинасының арсеналы күшейтіледі.
Алайда, министр жергілікті атқарушы органдармен, аудандық деңгейдегі ауруханалар мен моноқалалардың бас дәрігерлерімен, депутаттық корпуспен бірлесіп, ауылдық медицина проблемаларын шешуде күш-жігерді шоғырландыруға назар аударды.
Бұдан әрі шақырылған барлық Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен бас дәрігерлер ауылдық денсаулық сақтаудағы жағдайды жақсарту бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Проблемалық мәселелер рейтингінде кадр тапшылығы, әсіресе көптеген факторларға байланысты бейінді медицина қызметкерлерінің тапшылығы бірінші орын алады, оның ішінде дәрігерлерді ауылдық медицинаға тарту үшін мотивациялық базаның жеткіліксіздігі бар.
Сонымен қатар, әр өңірде демографияның өзіндік ерекшеліктері, халықтың тығыздығы, білім деңгейі және проблемаларды шешу тәсілдері бар.
Мысалы, Қарағанды облысында урбандалудың жоғары деңгейі кезінде (қала тұрғындарының 83%) ауыл халқының тығыздығының төмен болуы (шаршы км.-ге 3 адамға дейін) және елді мекендердің аудан мен қаладан үлкен қашықтығы проблемасы өткір тұр, сондай-ақ қартаятын халықтың үлесі де жылдам прогрессиялануда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Бибігүл Төлегенованың айтуынша, өңірде дәрігерлерді жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы бар, көтерме қаражат түрінде 300 мың теңге, ауылда жас кадрларды ұстау үшін шөп пен көмір жеткіліксіз.
"Дәрігерлерді тарту тетігі ретінде біз талантты ауыл жастары медициналық жоғары оқу орындарында оқуға және туған ауылдарына жұмысқа оралуға мүмкіндік алатын "ауылдан диплом алу үшін" атты шартты бағдарлама әзірлеуді ұсынамыз. Шынында да, ауыл балаларының арасында қабілеттілер мен әлеуеті зорлар бар, бірақ олардың ақылы негізде оқуға мүмкіндіктері жоқ, гранттар да жеткіліксіз. Сонымен қатар, өз кадрларымызды, болашақ дәрігерлерімізді тәрбиелеу үшін біз медициналық сыныптарды ашуға бастамашы болдық, онда біздің медициналық университетіміздің педагогтары, профессорлары сабақ береді", - деді өңірлік басқарма өкілі.
Заманауи медициналық техникамен, әсіресе хирургиялық бөлімшелермен жабдықтау мәселесін шешу аудандық ауруханаларға мамандарды тартуға, олардың кәсіби қызығушылығын арттыруға және ауылдағы жоспарлы көмектің сапасын арттыруға ықпал етуі мүмкін. Кеңес барысында айтылғандай, көптеген жас дәрігерлер өздері үшін кәсіби тұрғыдан өсу перспективаларын көрмегендіктен ауылдан кетеді.
Бас дәрігерлер халықтың тығыздығына байланысты медициналық тарифке (КТС) коэффициентті енгізу мәселесін, ол бүгінде аудандық медициналық ұйымдардың нақты шығындарын өтемейді, ауылдық денсаулық сақтау үшін арнайы мамандарды жедел қайта даярлауды енгізу, аудандық деңгейден республикалық деңгейге жедел жәрдем шақырудың 4-санатын беру және тағы басқаларын ұсынды.
Бас дәрігерлермен және басқарма басшыларымен болған әңгімені қорытындылай келе, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ауыл медицинасы проблемаларын шешуде өз халқының сапалы медициналық көмекке қол жеткізуіне мүдделі болуы тиіс әкімдіктерді белсенді тартуға баса назар аударуды ұсынды. Сондай-ақ, ол ауылдық жерлердегі мамандарды кәсіби ынталандыру, еліміздегі және шет елдердегі үздік клиникаларда дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау мәселелерін жеке бөліп, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға 800 млн теңгеден астам қаражат бөлінген Шығыс Қазақстан облысын мысалға келтірді.
"Бүгінгі ашық диалогқа белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз және өз тарабымыздан Денсаулық сақтау министрлігі ретінде ауылдық денсаулық сақтау проблемаларын шешуде барлық қолдау шараларын қабылдауға, бұйрықтарға өзгерістер енгізуге, нормативтік базаны, кадрлар даярлау жүйесін жақсартуға дайынбыз", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.