ҚР БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: ҮГІТ – НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗІНДЕ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТ

ҚР БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: ҮГІТ – НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗІНДЕ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫН САҚТАУ ҚАЖЕТ

Бүгін ҚР Бас санитарлық дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясында сөйлеген сөзінде республикалық референдумды өткізумен байланысты үгіт-насихат іс-шаралары кезінде ағымдағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайға қарамастан бірқатар алдын алу шараларын сақтау қажет екенін атап өтті.  

А.Есмағамбетованың айтуынша, бүгінде елімізде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, тәулігіне 20-ға жуық жағдай тіркелуде. 

Сонымен бірге, вирустың жалғасып жатқан мутациясын ескере отырып, үгіт-насихат кезеңінде КВИ-дің жаңа нұсқаларының пайда болуы, ең алдымен, халықтың жиналуымен бірге жүреді. Осыған байланысты тұрақты эпиджағдайға қарамастан, мынадай жалпы алдын алу шараларын іске асыру қажет болады:

- халықтың көп жиналуын болдырмауға мүмкіндік беретін үй-жайларда үгіт іс-шараларын жүргізу;

- желдету жүйесінің жұмыс істеуі, ауаны тазартып, желдету;

- санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау.

"Сонымен қатар, республикалық референдум өткізілетін күні коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің екінші Қаулысында көрініс табатыны және жалпы ел бойынша, жеке алынған өңірлерде референдум өткізілетін күні қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты болатыны ескеріледі", - деп нақтылады ҚР Бас санитарлық дәрігері.

Ол эпидемиологиялық ахуал қолайлы болған жағдайда, республикалық референдум алдында үгіт жүргізу сияқты әдеттегі алдын алу шаралары сақталуға тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, егер референдум кезінде екінші компонентті алғаннан кейін 6 ай аспаса, аумақтық референдум комиссияларының мүшелерінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсы туралы құжаттамалық растау болуы керек.

Эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда қосымша іс-шаралар енгізілетін болады, олар:

- "қызыл" (жұқтырған) "Ashyq" мәртебесі бар  адамдар учаскеге жіберілмейді.

- маска режимін сақтау;

- қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану;