Ажар Ғиният ENI компаниясының ОА бойынша басшысы Лучано Васкеспен кездесу өткізді

Ажар Ғиният ENI компаниясының ОА бойынша басшысы Лучано Васкеспен кездесу өткізді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ENI компаниясының Орталық Азия аймағы бойынша басшысы Лучано Васкеспен кездесті.

Кездесу басында Ажар Ғиният итальяндық мұнай компаниясының өкілдеріне алғы сөз айтып, денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі компанияға коронавирустық инфекциямен күрес кезінде көрсеткен гуманитарлық қолдауы үшін алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Эни, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және "СК-Фармация" ЖШС арасында жасалған 2021 жылғы 30 желтоқсандағы гуманитарлық көмек ұсыну тәртібі туралы өзара түсіністік және ниеттерді бекіту туралы үшжақты меморандум аясында Эни COVID-19-ға қарсы іс-қимылда республикаға қолдау көрсету мақсатында және компания өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстанға COVID-19 коронавирусынан және инфекциядан кейінгі асқынулардан емделу үшін 1 млн АҚШ долларына жуық соманы құрайтын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізуді ұйымдастыруда.

Жеткізілімге жедел аурулар мен кейінге қалдырылған асқынуларды емдеу мен алдын алуда өзінің тиімділігін көрсеткен антикоагулянттар, кортикостероидтар және басқа да препараттар кіреді.

Министр халықаралық компания өкілдерін өзара ынтымақтастықты, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, әлеуетті арттыруға және жаһандық деңгейде рөлін күшейтуге шақырды.

"Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулер, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру саласында ынтымақтасуға дайын", - деді А.Ғиният.

Өз кезегінде, ENI аймақтық бөлімшесінің басшысы Васкес мырза гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту үшін Министрлікпен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

"Денсаулық сақтау жүйесі ұлттық күн тәртібінде орталық орынға ие болуы тиіс, ал төтенше жағдайларға дайындық Денсаулық сақтау жүйесінің барлық аспектілерінің және бүкіл қоғамның іс - қимылының ажырамас элементі болуы тиіс", - деді келіссөздер соңында Денсаулық сақтау министрі.