
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник республикалық медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселелер қарастырылды, олар: акушер-гинекология, педиатрия, онкология, кардиология, нейрохирургия, фтизиопульмонология, хирургия, травматология-ортопедия, офтальмология, психиатрия және басқалары.
Ұйым басшылары жетекшілік ететін бейіндер, оның ішінде кадрлық әлеует, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастық, білім беру қызметі мен ғылымды дамыту бойынша қызмет туралы баяндамалар ұсынды.
Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың басшылары бейінді қызметтердің проблемалық мәселелерін, оларды шешу жолдары мен денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жақсарту жөніндегі ұсыныстар жайлы баяндады.
Өз кезегінде денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник халыққа мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін республикалық орталықтар жұмысының тиімділігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.
Алдағы уақытта әрбір медициналық ұйымның басшылығымен көрсетілетін қызметтерді дамыту және сапасын арттыру мәселелері бойынша жеке онлайн кеңестер өткізу жоспарлануда.