А.Ғиният СҚО-ға жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке қабылдады

А.Ғиният СҚО-ға жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Өңір тұрғындарын денсаулық сақтаудың түрлі мәселелері толғандырады, олардың бір бөлігі халық алдындағы есептік кездесу барысында министрге жолданды.

Жеке қабылдауға күрделі және сирек кездесетін аурулар диагнозы қойылған балалары бар отбасылар келді. Ата-аналар мен жақын туыстардың айтуынша, мұндай балаларға дәрі-дәрмектік қолдау, сондай-ақ мамандандырылған медициналық көмек көрсету, орталықтар базасында оңалту қажет.

Сонымен қатар, муковисцидозбен ауыратын науқастардың аналары министрге әлсіреген балаларды инфекция қаупінен қорғау үшін балалар ауруханаларында бөлек палаталар ашуды ұсынды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл ұсынысты қолдап, облыстың дәрігерлері мен орта қызметкерлерін сирек кездесетін аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсету дағдыларына үйрету қажеттігін атап өтті.

ЦСА диагнозы қойылған сегіз жасар қыздың туысқандары жүріп-тұру функцияларын оңалту үшін неғұрлым тиімді қосымша тәсілдерді табу, кешенді емдік іс-шараларды жүргізу мүмкіндіктері бойынша министрге жүгінді.

Министр Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына аурудың тарихымен танысуды, мамандардың кеңесін ұйымдастыруды, отбасына оңалту орталығын таңдауға көмектесуді тапсырды.

Үшінші отбасы Ажар Ғиниятқа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі, жамбас буынына операция жасау мәселесімен жүгінді.

Сонымен қатар, министр еңбек қатынастары саласындағы даулы жағдайларды шешуді сұраған бірнеше дәрігерді қабылдады.

Денсаулық сақтау министрі әрбір проблемалық жағдайды жеке бақылауға ала отырып, азаматтардың барлық шағымдары мен тілектерін мұқият тыңдады.