ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ СҚО БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ СҚО БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының соңында өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

ҚР ДСМ басшысы өз сөзінде КВИ пандемиясына қарсы тұру жөніндегі шаралар және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі шектеу шараларының жеңілдіктері туралы айтып берді.

А.Ғиният медицина қызметкерлері мен вакцинация және ревакцинация жөніндегі науқанның қажырлы еңбегі сырқаттанушылықты төмендетуді қамтамасыз етуге көмектескенін атап өтті.

Ол өңірдің медициналық нысандарын аралаудың қорытындылары және мұқият пысықтауды талап ететін проблемалық мәселелер туралы хабарлады.

Осылайша, министр қан айналымы жүйесі ауруларымен күрес, кадр тапшылығын еңсеру және ауылдық медицинаны дамытуды жандандыру бөлігінде шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Ауылда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2022 жылы ауылдық жерлерде 80 медициналық нысанның, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 18 нысанның құрылысы жоспарланып отыр, ауылда медициналық объектілерді ашу үшін талаптарды жеңілдету тұрғысынан Денсаулық сақтау ұйымы желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралатын болады",-деп хабарлады министр.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ана мен баланы қорғау бөлігінде шала туған балаларға көмек көрсету сапасын арттыру, балалардағы патологияларды ерте анықтауды қамтамасыз ету сияқты басым шешуді талап ететін бірқатар міндеттер бар.
"Аталған міндеттерді шешу мақсатында: шалғай аудандарда медициналық қызмет көрсету үшін 20 ауданаралық ауруханада перинаталдық көмектің үшінші деңгейлі перзентхана бөлімшелерін ұйымдастыру қарастырылған.

"Аталған бағыттар бойынша жұмыстар өңірде жалғасын тауып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында болады. Қорытындылай келе, өңірлерге мұндай сапарларды біз халықтың қажеттілігін анықтау және жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен бірлесіп шешу жолдарын қалыптастыру үшін тұрақты негізде жүзеге асыратынымызды атап өткім келеді", - деді Ажар Ғиният.

БАҚ өкілдерінің басым көпшілігі кадрлық қамтамасыз ету, арнайы мамандар тапшылығы, ауылдық денсаулық сақтау мәселелерін қозғады.

Брифинг барысында өңірлік және республикалық БАҚ журналистері министрге 15-ке жуық сұрақ қойып, оларға толық жауап алды.