А.Ғиният және Қазақстанға келген Еуропалық ДДҰ басшысы Ханс Клюге бірқатар кездесулер өткізді

А.Ғиният және Қазақстанға келген Еуропалық ДДҰ басшысы Ханс Клюге бірқатар кездесулер өткізді

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстанға үш күндік ресми сапары басталды, оның шеңберінде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесу өтті.

ДДҰ Еуропалық бюросы басшысының сапарының мақсаты ДДҰ Еуропалық бюросы мен Қазақстан серіктестігінің қорытындысын шығару, сондай-ақ ДДҰ-ның Қазақстандағы медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі алғашқы демонстрациялық платформасын ашу.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде тараптар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өтетін алдағы кездесулердің күн тәртібін, сондай-ақ МСАК саласын нығайту бөлігіндегі Қазақстан мен ДДҰ ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

"Бірінші кезекте, Ханс Клюге мырза, сіз, Еуропалық өңірлік бюроның директоры, ДДҰ-ның МСАК жөніндегі кеңсесіндегі біздің әріптестеріміз арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жүздескенімізге қуаныштымыз және МСАК жүйесіндегі озық практикаларды көрсету үшін үздік алаң ретінде Қазақстанды таңдағандарыңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз. Ертең Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы ауылдық денсаулық сақтау нысанын көрсетеміз", - деді министр кездесу басында.

Өз кезегінде, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстан Үкіметі мен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының арасындағы айрықша ынтымақтастықты атап өтті.

Доктор Ханс Клюге демонстрациялық платформа үлгісінде, әсіресе ауылдық денсаулық сақтауда МСАК-тың үздік тәжірибелерін ілгерілету жөніндегі Қазақстанның күш-жігеріне өзінің таңданысын білдірді. 

"Адамдар тұратын жерде денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету өте маңызды.  Бұл денсаулық сақтаудың жаңа дәуірі, ол тұрақты даму мақсаттарына және ДДҰ Еуропалық бағдарламасына өте жақын", - деді Еуропалық ДДҰ басшысы. 

Бүгін С. Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ студенттерімен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және Алматыға келген ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Д-р Ханс Клюге "Біздің денсаулық сақтау жүйеміздің болашағы: медициналық-санитарлық алғашқы көмек үшін бедел, мотивация, құзыреттілік" тақырыбында кездесу өткізді.

Студенттік қоғамдастыққа өзінің болашақ әріптестері ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы денсаулық сақтаудың бастапқы буынының рөлін күшейтудің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Ол МСАК-тың мықты жүйесі ғана халықтың денсаулығын қорғау ісінде аз шығынмен және медициналық көмекке неғұрлым жоғары қоғамдық қанағаттанушылықпен үздік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

А.Ғинияттың айтуынша, барлық қолданыстағы және жаңадан қабылданатын шаралар халыққа, оның ішінде шалғай ауыл тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Ол "айналамыздағы әлем тез өзгеретін кезде" прогресс пен трансформациядағы жастардың жетекші рөлін ерекше атап өтті.

"Жастардың қатысуы біздің қазіргі іс-әрекеттеріміз сіздің ұрпағыңыздың болашақ қажеттіліктеріне жауап беретініне және сіз өз мақсаттарыңызға жетуге және қол жеткізуге мүмкіндік беретініне кепілдік береді. Бұл, өз кезегінде, қауіпсіз және әділ қоғамның негізі", - деп атап өтті ДДҰ өңірлік бюросының директоры.

Бұдан әрі ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және Қазақстанға үш күндік ресми сапармен келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге БҰҰ-ның Алматыдағы офисінде "ДДҰ-ның МСАК жөніндегі еуропалық орталығының тұжырымдамасына, стратегиясына және жетістіктеріне" арналған "дөңгелек үстелде" негізгі баяндамаларымен сөз сөйледі.

Ажар Ғиният іс-шараны аша отырып, Қазақстан үшін, бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін де денсаулық сақтаудың болашағы маңызды екенін атап өтті, өйткені тұрақты даму саласындағы № 3 мақсат барлық адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту қажеттілігін білдіреді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ДДҰ елдік кеңсесінің Қазақстан Үкіметімен нәтижелі ынтымақтастығы туралы айтып, қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешуде техникалық, консультациялық және әдіснамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына пандемия кезінде медициналық құралдар мен жабдықтар, тесттер, ақпараттық материалдар, жеке қорғаныс құралдары түрінде көрсетілген техникалық және гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірді.

"Қазақстан әлемге медициналық-санитарлық алғашқы көмекті нығайтудағы тұжырымдамадан іс-қимылға көшудің үлгісін көрсетіп отыр. Қазақстан көптеген елдер үшін эталонға айналды. Біздің қазіргі рөліміз - барлық елдер осы жетістіктердің білімі мен тәжірибесімен алмасудан пайда көре алады", - деп хабарлады доктор Ханс Клюге.

Іс-шара барысында ДДҰ ГҚК жұмысының қорытындысы шығарылып, оны одан әрі дамыту перспективалары анықталды.

ДДҰ Еуропалық бюросының өңірлік директоры Ханс Клюге ресми сапарының бірінші күні шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың, ДДҰ Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якабтың, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бас  директоры (Словения) Весна Петриктің, Ауыл медицинасы орталығының негізін қалаушы (Швеция) Питер Бергеннің қатысуымен ДДҰ-ның МСАК жөніндегі демонстрациялық алаңының ашылуына орай "Медициналық-санитариялық  алғашқы көмекті қайта құрудағы көшбасшылық" тақырыбында ток-шоу өтті.

ДДҰ-ның медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Еуропалық орталығы ұйымдастырған "Медициналық-санитарлық алғашқы көмек туралы сөйлесейік" ток-шоуы елдер арасындағы диалог және МСАК энтузиастары арасында тұрақты қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу алаңы ретінде қарастырылады.

Бұл арнайы шығарылымның тақырыбы табысты трансформацияның басты элементі – көшбасшылық болды.

Ток-шоудың бірінші раундында қатысушылар стратегиялық көзқарас пен оны жаһандық, аймақтық және елдік деңгейде жүзеге асыру арасындағы алшақтықты жою мәселелерін талқылады.

"МСАК трансформациясы жүзеге асуы үшін ынталы адамдар коалициясын құру қажет. Стратегиялық көзқарасқа сенетін және өзгерістерге табиғи қарсылықты жеңе алатын адамдар болу керек. Басынан бастап белсенді инклюзивті өзгеріс платформасын құруға бар күш - жігеріңізді салу маңызды",-деді ДДҰ аймақтық бюросының басшысы доктор Клюге.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният  өзгерістер бір түнде болмайтынын ескертті. "Жұмыстың жаңа әдістерімен танысу үшін уақыт қажет. Бұл сонымен қатар қосымша ресурстарды, көшбасшылықты және өзгерісті басқару дағдыларын инвестициялауды және процеске деген сенімді қажет етеді".

Алғашқы медициналық көмек саласындағы өзгерістер туралы талқылай отырып, доктор Ханс Клюге "өмірдегі нақты кедергілер мен оларды жеңу жолдары туралы білу үшін басқа елдердің реформаторларымен кездесуді" ұсынды. Ол білім мен тәжірибені тәжірибешілерден реформаторларға беру қажет екенін, бұл ДДҰ-ның демонстрациялық платформаларының мәні екенін атап өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстанға үш күндік сапарының бағдарламасында басты оқиға ретінде – Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында (Есік қаласы) ертеңге жоспарланған медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету бойынша ДДҰ-ның алғашқы демонстрациялық платформасының ашылуы қамтылған. Содан кейін медициналық мекемелерді аралау өтіп, алғашқы демонстрациялық платформаның ашылу жағдайына арналған дөңгелек үстел өткізіледі.

Келесі күні, 30 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ресми іс-шараларға қатысады.

Айта кететін жайт, делегация құрамында сапар шеңберіндегі іс-шараларға бірқатар жоғары лауазымды қонақтар, атап айтқанда ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Каролин Кларинваль (Caroline Clarinval), ДДҰ Еуропалық орталығының медициналық-санитарлық  алғашқы көмек жөніндегі кеңсесінің басшысы Мелитта Якаб (Melitta Jakab), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысуда.