М. Шоранов ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік тұрақты комитетінің отырысына қатысты

М. Шоранов ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік тұрақты комитетінің отырысына қатысты

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов онлайн-форматта өткен жиырма тоғызыншы шақырылымдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік тұрақты комитетінің (ӨТК) кезекті отырысына қатысты.

Кеңес барысында денсаулық және тұрақты даму мәселелері жөніндегі жалпыеуропалық комиссияның ұсынымдарын орындау үшін практикалық шаралар қабылдау, ДДҰ стратегиялық басшылығының механизмдері, сондай-ақ пандемияның алдын алу және оларға дайындықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, пікір алмасты.

Кеңес қорытындысы бойынша ӨТК мүшелері денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірледі, оларды ДДҰ Еуропалық өңіріне мүше мемлекеттер ағымдағы жылғы қыркүйекте Еуропалық өңірлік комитет барысында талқылайды.

Сондай-ақ, ұйымның штаб-пәтері деңгейінде басқару органдары кездесулерінің тиімділігін арттыру мақсатында ДДҰ Еуропалық өңірінен бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Өңірлік тұрақты комитет (ӨТК) Еуропалық өңірлік комитеттің кіші комитеті болып саналады және ол 3 жылға сайланатын 12 елдің өкілдерінен тұрады. Өңірлік тұрақты комитет ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директорына консультативтік көмек көрсетіп, оның шешімдері мен саясатының орындалуын қамтамасыз етеді.

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов 2021 жылдан бастап тұрақты комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.