М. Шоранов "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша есеп берді

М. Шоранов "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша есеп берді

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының құқықтық мирасқоры "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын іске асыру қорытындылары туралы баяндады.

Жоба 4 бағыттан тұрады: бірінші бағыт медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға байланысты; екінші бағыт эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруға арналған; үшінші бағыт отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ету және төртінші бағыт салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін ұлғайтуға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Әрбір бағыт бойынша міндеттері, нәтижелері көрсеткіштері және іске асыру іс-шаралары белгіленген.

"2021 жылы 26 іс - шара іске асырылды және 17 көрсеткішке қол жеткізу қамтамасыз етілді, оны Республикалық маңызды, жетеуі өңірлік",-деп хабарлады вице-министр.

Ұлттық жобаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде мынадай іс-шаралардың орындалуы қамтамасыз етілді: МСАК-тың 30 объектісі ашылды; ЖМК қызметтерімен 2 млн-ға жуық ауыл тұрғындары қамтылды; медициналық жабдықтармен жарақтандыруға ауқымды түгендеу жүргізілді; 13 ауданаралық аурухана ұйымдастырылды; онкологиялық орталықтың құрылысы басталды; 963 мыңға жуық қымбат медициналық қызмет көрсетілді; дәрігерлердің орташа жалақысы 350 мың теңгеге дейін жеткізілді.; резидентурада оқу үшін 1 500 грант бөлінді.

"2021 жылы ауылдық елді мекендерде медициналық нысандарды ашу бойынша жоспарлар барлық өңірлерде толық көлемде орындалды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2025 жылға дейін жоспарланған 137 МСАК және КДУ нысандарының 22% ашылу көлемін барлық өңірлер игерді", - деді Марат Шоранов.

Бұл ретте жүкті әйелдерді жеке және босанғанға дейін салааралық бақылаумен қамту 12%-ға асыра орындалды және тиісті халықтың 87% - ын құрады. 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамту елде 4,6%-ға асыра орындалды, жоспарлы мәні 70% болған кезде балаларды қамту 74,6% - ды құрады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамту 12,3%-ға асыра орындалды, 25%-дық көрсеткіш жоспарында оның нақты мәні 32,3% - ды құрады.

Ұлттық жобаның екінші бағытын іске асыру барысында Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханалары үшін 3 бірлік жоғары технологиялық жабдық жеткізу қамтамасыз етілді; санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының 13 ғимаратына реконструкциялау жүргізілді; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында зерттеудің 6 әдісі енгізілді және игерілді; санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүйесінің 900 маманы кәсіптік кадрлар даярлаудан және сертификаттау курсынан өтті.

Фармацевтика саласын дамытуға бағытталған үшінші бағыт бойынша 2021 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша жаңа өндірістер саны 2021 жылы 4 бірлікті құрады; ДДҰ бенчмаркингі бойынша ұлттық реттеушінің кемелденуі 2 деңгейге жетті.

"ТМККК және МӘМС шеңберінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы жергілікті қамтуы бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үлесі жоспарлы 35% мәнінде 37% - ды құрады",-деп баяндады вице-министр.

Ұлттық жобаның төртінші бағыты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

2021 жылы жастар денсаулық орталықтары 285 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті; 140 мыңнан астам спорт секциялары ашылды; ауылдық елді мекендерде спорт жөніндегі нұсқаушылардың саны 3065 адамға жетті.

Бұл ретте 652 балалар жасөспірімдер клубы және 138 балалар жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары 183 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтыды; 115 туристік маршрут құрылды; республика бойынша спорт ғимараттарының саны 41 352 объектіге жеткізілді, оның ішінде 280 стадион, 524 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 360 жүзу бассейні.