ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық қоғамдастықты дәрі-дәрмектер нарығында тұрақтылықты сақтауға шақырады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық қоғамдастықты дәрі-дәрмектер нарығында тұрақтылықты сақтауға шақырады

Қазіргі уақытта геосаяси тәуекелдердің өсуі және нарықтағы бағамдық құбылмалылық жағдайында көтерме және бөлшек саудаға ұласқан шет елдердегі ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде біздің азаматтарымызды қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде тұрақтылықты сақтау мәселелері алаңдаушылық туғызуда.

Осыған байланысты, фармацевтикалық қоғамдастықты - өндірушілерді, дистрибьюторларды, қауымдастықтарды халық алдында әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырамыз және біздің азаматтарымызға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сауда деңгейінде өткізуді тоқтатпауды сұраймыз.

Бұл ретте халық арасында әлеуметтік шиеленіс туғызбай, дәрілік препараттарды белгіленген шекті бағалар шеңберінде көтерме және бөлшек сауда сегментінде өткізуді ескеруді сұраймыз.

Өз кезегінде, денсаулық сақтау министрлігі өз өкілеттіктері шеңберінде ТМККК және МӘМС жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында елдегі тегін және сақтандыру медициналық көмек шеңберінде қамтылған қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қорлары медициналық ұйымдарға уақтылы және жедел жөнелту үшін жеткілікті.

Біз бірлескен шаралар мен үйлесімді іс-қимылдар дәрілік және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету саласында тұрақтылықты және экономикамыздың тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.