ҚР ДСМ және ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

ҚР ДСМ және ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілі Каролин Кларинвальмен кездесті.

Тараптар ҚР ДСМ мен ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы екі жылдық келісім жобасын талқылады.

"Екі жылдық келісім жобасын өзекті, Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы ұлттық саясатының мүдделерін көрсетеді деп санаймыз. Оның қабылдануы ұлт денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді", - деді министр.

Екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері Қазақстанның әлеуеті мен мүмкіндіктерінің өзгерістерінде көрініс табады деп жоспарлануда:

- МСАК деңгейінде сапалы медициналық қызметтерге, негізгі дәрілік препараттарға, вакциналарға, диагностикаға және медициналық бұйымдарға қолжетімділікті кеңейту;

- Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындықты күшейту, эпидемиологиялық болжамдау мен оларға ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру жолымен эпидемиялар мен пандемиялардың алдын алу.