
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "100 күн - 100 сұрақ" жобасы аясында медициналық бизнес өкілдерімен денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын (ӨКП) қалыптастыру және бекіту мәселелері бойынша онлайн кеңес өткізді.
Министр бұл кездесудің себебі жеке кәсіпкерлік субъектілерінен ӨКП іске асыру механизмін қайта қарау және бизнесті дамыту, салаға инвестициялар ағыны үшін артық бөгеттер құру қажеттігі туралы көптеген өтініштер болғанын хабарлады.
Инвестициялық саясатқа қатысты ведомствоның Инвестициялық саясат департаментінің директоры Данай Смағұлов баяндама жасап, кездесуге қатысушыларды өңірлік жоспарды қалыптастыру кезіндегі қолданыстағы талаптармен таныстырды.
Кездесу барысында сөз сөйлеген "Атамекен" ҰКП медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова ӨКП бойынша бұл норма бизнес-қоғамдастықпен талқылаусыз және тиісті сараптамасыз қабылданды, сондай-ақ бұл медициналық қызметтер нарығының жаңа қатысушылары үшін үлкен тәуекелдер тудырады деп санайды.
Оның пікірінше, ӨКП қалыптастыру процесі "өте ұзақ және ашық емес" түрде жүреді, сондықтан Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік субъектілері үшін бұл талапты алып тастаған жөн.
ӨКП қалыптастыру тәртібін белсенді талқылауға жеке клиникалар қосылды, олардың пікірлері құжатты бір жыл бойы ұзық уақытқа қарауға келді, бұл МӘМС мемлекеттік қаржыландыруы мен қаражатына қол жеткізуге айтарлықтай кедергі жасады.
Мысалы, "Олимп Медикус" ЖШС директоры Асқар Баймағамбетов адал бәсекелестік үшін неге жағдай жасалмайтындығы және заманауи ауруханалар салып жатқан, жабдықтарға қаражат салып, пациентке қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасайтын жеке инвесторлардың мүдделері ескерілмейтіні туралы мәселе қозғады.
"Пациенттің қажеттіліктерін ескеру қажет, ең алдымен, қазір, мысалы, постковидтық оңалту қызметтері өзекті, осы бағытты қолдау қажет. Егер мемлекеттік медицина қажеттілікті өтемесе, онда неге жеке секторды тартпасқа", - деп атап өтті министр Ажар Ғиният.
Медициналық бизнеспен диалогты қорытындылай келе, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ӨКП қалыптасуының 9 кезеңі тым көп екенін айтты. Оның айтуынша, егер жергілікті атқарушы органдар ӨКП-ны өздері қалыптастырса, өз халқының қажеттіліктерін, олардың қай жерде аса басым екенін, ал қызметтердің тапшылығы қайда екенін білсе, неге бұл құжатты Денсаулық сақтау министрлігіне келісуге жіберу керек.
"Біз нарық қатысушыларының осы мәселе бойынша сындарлы ұсыныстарын қарауға дайынбыз. Жалпы, ашық диалог аясында басқа да өзекті мәселелер көтеріледі, олар бойынша да осындай кездесулер өткізіледі", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.