
Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен көтерме және бөлшек сауда нарығында сатылатын дәрілік заттардың бағасын қайта реттеу мәселелері бойынша бірлескен кеңес өтті.
Көтерме және бөлшек саудада өткізілетін дәрілік заттардың бағаларын қайта реттеу мәселелеріне қатысты денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың соңында көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың 7256 сауда атауына шекті бағалар бекітілгенін еске салды.
Бұл дәрілік заттардың 6600 сауда атауларының (90%) шекті бағаларын өткен жылдың деңгейінде қалдыруға, шекті бағаларды 153 препаратқа (2%), 503 препаратқа (7%) төмендетуге мүмкіндік берді, шекті бағалар өндіруші зауыттың бағасын өсіру себебінен көтерілді.
Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді, онда жаңалықтардың бірі көтерме және бөлшек сауда сегментінде дәрілік заттардың бағаларын қайта реттеуді енгізуді қамтиды.
Осы жаңашылдықтар шеңберінде дәрілік заттардың шекті бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларының жобасы әзірленді, онда реттеуге жататын препараттарды іріктеу бойынша өлшемшарттар айқындалды.
Жоба заңнамада белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органға келісу үшін жіберілді, көпшілік талқылауында орналастырылды, сондай-ақ, "Атамекен" ҰКП мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген ұйымдарына жіберілді.
Бұдан басқа, БҚДА және денсаулық сақтау министрлігі жекелеген препараттарға бағаның өсуіне және олардың қол жетімділігіне байланысты тәуекелдерді ескере отырып, дәрілік заттардың бағаларын кезең-кезеңімен қайта реттеуді енгізу мәселелерін талқылады.