
Елордада ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен паллиативтік көмекті дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кеңес өткізіп, елдің паллиативтік көмек қызметіндегі проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.
Паллиативтің басты міндеті - емделмейтін ауруы бар адамға өмір сапасын жақсартуға, ауырсыну белгілерін жоюға, науқастың және оның жақындарының физикалық, психологиялық деңгейлердегі азаптарын жеңілдетуге көмектесу.
Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығының басшысы Гүлнар Кунирова "100 күн-100 сұрақ" жобасы аясында министрге пациенттердің ауруға қарсы дәрілік препараттарға, оның ішінде балаларға қол жеткізуіне, мобильді бригадалардың жұмысына, кадрлар даярлауға, осы жұмыстың қызметтеріне төмен тарифтерге қатысты бірқатар кезек күттірмейтін проблемалармен жүгінді.
Ведомство басшысы жағдаймен мұқият танысып, қызметтің жүйелі мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтауға назар аударды. Бұл паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарды жарақтандырудың ең төменгі стандартын бекітуге, опиоидтардың ең төменгі тізбесін кеңейтуге, опиоидтерге квотаны ұлғайтуға, клиникалық хаттамаларды қайта қарауға, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен балалар паллиативтік көмегін дамытуға қатысты.
2020 жылы министрлік қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығымен бірлесіп, паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын өзектендірді, онда төсек орынмен, мобильді бригадалармен қамтамасыз ету, сондай-ақ мультитәртіптік топтарды құру нормалары көзделген.
Паллиативтік көмекті ұйымдастыру, паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін төсектермен қамтамасыз ету, мобильді бригадалардың есебінен үйде паллиативтік медициналық көмектің қолжетімділігі, сондай - ақ ауруға қарсы дәрілік препараттардың (опиоидтардың) қолжетімділігі бойынша ағымдағы жағдай туралы ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің (бұдан әрі-ЖДБП) директоры Азамат Дүйсенов хабарлады.
Кеңес барысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, паллиативтік көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде: МСАК, көп бейінді ауруханалар, мамандандырылған орталықтар ауырсынуды басатын препараттарды тағайындау кезінде дәрігерлерде опиофобияны төмендету мақсатында медициналық қызметкерлерді сатылы ауыруды басу дағдыларына оқытумен қамтуды ұлғайту бойынша жұмысты жандандыру қажет екендігі атап өтілді.
Паллиативтік көмек қызметін білікті кадрлармен қамтамасыз ету, практикалық мамандарды және бейінді қауымдастықты тарта отырып, барлық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждер үшін паллиативтік көмек жөніндегі бірыңғай білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселесі шешуді талап етеді.
Сонымен қатар, тарифтерді арттыру мәселесі талқыланды. Мәселен, 2022 жылға арналған ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін "медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарына " нақты шығындар бойынша деректерді жинау мен талдауды ескере отырып, паллиативтік медициналық көмекке тарифтерді жетілдіру жөніндегі іс-шара енгізілді.
Өз кезегінде тарифтерді қайта қараудың өзектілігін Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығының президенті Г.Кунирова да атап өтті.
Паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарды жарақтандырудың ең төменгі стандартын бекіту, опиоидтардың ең төменгі тізбесін кеңейту, опиоидтарға квотаны ұлғайту, клиникалық хаттамаларды қайта қарау, балалар паллиативтік көмегін дамыту, медицина қызметкерлерін оқытумен қамтуды ұлғайту, цифрландыруды дамыту, қызметті ЖАО, ҚР ДСМ тарапынан қоса қаржыландыру мәселелері сияқты кешенді жүйелі шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау үшін жұмыс тобы құрылады, оның құрамына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, денсаулық сақтаудың өңірлік басқармаларының жұмыс тобы паллиативтік медициналық көмектің Жол картасын әзірлейді, оның шеңберінде кейіннен оларды іске асыра отырып, КАПП-ның өзекті ұсыныстары қаралатын болады.
Кеңес қорытындысы бойынша денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният паллиативтік көмек көрсетудің өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Осылайша, құрылымдық бөлімшелерге паллиативтік медициналық көмектің Жол картасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын уақтылы қалыптастыру; жарақтандырудың, кадрлардың ең төменгі стандарты, паллиативтік көмек көрсетілетін адамдар санаттарының тізбесі бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау; паллиативтік науқастарға арналған опиоидтардың желісін кеңейту жөніндегі мәселені қарау және нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар мен өңірлік ДСБ-ға сатылы ауырсынуды басу және паллиативтік науқастарға, оның ішінде балаларға күтім жасау бойынша медицина қызметкерлерін тұрақты негізде оқытумен қамтуды ұлғайту бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.
Сондай-ақ, ведомство басшысының тапсырмасына сәйкес медициналық ақпараттық жүйелерде "паллиативтік науқастар" модулін қалыптастыру және паллиативтік медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту бойынша өңірлердің өңірлік перспективалық жоспарларына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мәселесі пысықталатын болады.