Қазақстанда КВИ-мен ауру 14 күнде 41% - ға өсті

Қазақстанда КВИ-мен ауру 14 күнде 41% - ға өсті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Үкіметі отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

"Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық 41% - ға артты. Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауда. Соңғы тәулікте оң ПТР тестімен коронавирустық инфекцияның 4810 жағдайы және теріс ПТР тестімен 79 жағдай тіркелді", - деп хабарлады ҚР ДСМ басшысы.
Сонымен қатар, репродуктивті сан 1 қаңтардан бастап 2,4 есе өсті және ел бойынша 2,2 құрайды.
Эпиджағдайды бағалау матрицасына сәйкес қызыл аймақта Қазақстан Республикасы және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары мен Атырау облысы, сары аймақта – 6 өңір: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары. Қалған 7 өңір жасыл аймақта орналасқан.
Жалпы, соңғы 2 аптада коронавирустық инфекциямен ауыру 12 өңірде байқалды және 2,8 есе өсті. Соңғы аптада сырқаттану Нұр-Сұлтан қаласында 9,9 есе, Шымкент қаласында 3,7 есе, Алматы қаласында 2 есе артты.
Министр эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы халықтың ішкі көші-қонымен айқындалған "Омикрон" коронавирус нұсқасының белгіленген айналымымен тікелей байланысты екенін атап өтті.
"Қаңтар айының басында "Омикрон" нұсқасы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында табылды. "Омикрон" нұсқасының ерекшеліктері - жұқтыру қаупінің жоғары, қайта жұқтыру қаупінің жоғары болуы. Жоғарғы тыныс жолдарында "Омикрон" Дельта нұсқасынан 70 есе тез көбейеді", - деп, жағдайлардың екі есе өсу уақыты 2-3 күнді құрайтынын, бұл жағдайлардың тез өсуіне әкелетінін атап өтті Ажар Ғиният.
Мекеме басшысы алдын ала жүргізілген аралық зерттеулер бойынша ревакцинация аурудың, ауруханаға жатқызудың және өлімнің ауыр түрлерінен қорғауды 70% - ға дейін қалпына келтіретінін айтты.
Министр елдегі вакцинация және ревакцинация жөніндегі науқандардың барысы туралы да баяндады. Бүгінгі таңда 1-құрауышпен 9,4 млн.астам адам егілді, жасы бойынша келетін тұрғындарды қамту 79,2% - ды құрады, екінші құрауышпен 8,7 млн. астам адам егілді, тиісті ересек тұрғындардың 75,1% - ын қамтылды. Жалпы халық санынан бірінші компонентпен - 49,3%, екінші компонентпен – 45,8% егілді.
"Халықтың ең осал тобын қорғау үшін ревакцинацияға арналған вакциналарды таңдау кеңейтілді. Мәселен, 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін қосымша Комирнати/Пфайзер вакцинасы ұсынылады", - деп атап өтті Ажар Ғиният.
Қорытындылай келе, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы "Омикрон" коронавирус нұсқасының айналымы мен қасиеттерін ескере отырып, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жаңартылған болжамын айтты, сондай-ақ қазақстандықтарды пандемия кезінде санитарлық ережелерді сақтауға шақырды.
"Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға халық көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, ұжымдық іс-шараларды өткізбеуді және қатыспауды ұсынады. Туыстарына барудан және үйде қонақтарды қабылдаудан аулақ болыңыз. Қоғамдық орындарда ғана емес, көшеде де маска режимін сақтаңыз. Вакцинацияланбаған азаматтарды алғашқы вакцинация курсын алуға, ал 6 ай бұрын вакцинацияланғандарды қайта вакцинациялауға шақырамын. Біздің жақындарымыздың, әріптестеріміздің, достарымыз бен таныстарымыздың өмірі мен денсаулығы негізгі алдын алу шараларына деген ортақ міндеттемелерімізге тікелей байланысты", – деп түйіндеді Ажар Ғиният.