
31 желтоқсан «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов денсаулық сақтау жүйесі мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.
Вице-министрге жалпы 11 адам жүгінді, олардың ішінде Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларының, сондай-ақ Түркістан, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстарының тұрғындары болды, олар бейнеконференцбайланыс арқылы өз мәселелері бойынша ақпарат алды. Сұрақтардың басым бөлігі емдеуге көмек көрсету, мүгедектік тобын белгілеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты болды.
ҚР ДСМ өкілі азаматтардың барлық өтініштері бойынша толық жауап берді. Қарау үшін қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді вице-министр өз бақылауына алып, ҚР ДСМ комитеттерінің, құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.