
Бүгін 2021 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жұмыс сапары шеңберінде ҚР ДСМ «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-да болды.
Сапар барысында А.Ғиниятпен Орталықтың басшылығымен және ұжымымен жұмыс кеңесі өтті, онда фтизиопульмонологиялық қызмет жұмысының нәтижелері баяндалды.
Вице-минстрмен кездесу барысында короновирустық инфекциямен байланысты пандемияға қарамастан, біздің еліміздің фтизиопульмонологиялық қызметі басым болып қалатынын және жоғары тиімділікті көрсетіп отырғанын атап өтті.
Соңғы бірнеше онжылдықта Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі жылына орта есеппен 8-10 пайызға тұрақты төмендеп келеді.
Сондай-ақ, туберкулезбен күресте айтарлықтай кезең туберкулезден болатын өлім-жітімнің төмендеуі болды. 1999 жылы өлім-жітім көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 30,7 болды, 2020 жылы ол 100 000 тұрғынға шаққанда 1,9 құрады.
Осындай нәтижелерге ДДҰ-ның үздік халықаралық практикалары мен ұсынымдарына сәйкес дәрілік препараттар мен технологиялардың жаңа нысандарын емдеуге енгізу қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Бұл ретте Қазақстанда туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу мүлдем тегін және оны мемлекет толық қаржыландырады.
Сапар барысында А.Ғиният ҚР ҰФҒО Ұлттық референс бактериологиялық зертханасына барып, зертхананың туберкулезді диагностикалау бойынша заманауи жабдықтармен жоғары жабдықталғанын атап өтті.
ҰРЗ республиканың фтизиопульмонология орталықтарының 19 зертханасы үшін консультациялық-әдістемелік және оқу орталығы болып табылады.
ҰРЗ тобы клиникалық зерттеулермен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады, халықаралық жобаларға қатысады. Бүгінгі таңда туберкулез микобактерияларының толық геномын зерттеу үшін жаңа буын NGS секвенаторын енгізу жүргізілуде, бұл республикада туберкулез микобактерияларының эпидемиологиялық картасын жасауға және болашақта туберкулездің таралу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Вице-министр фтизиопульмонологиялық қызметтің, әсіресе Ковид жағдайында жүргізген ауқымды жұмысын атап өтті және денсаулық сақтау министрлігінің атынан қызметкерлерге алғыс айтты.