Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі мен ДДҰ өкілдері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі мен ДДҰ өкілдері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Мәскеуде өтіп жатқан ДДҰ-ның инфекциялық емес аурулармен (ИЕА) күрес жөніндегі Еуропалық конференциясы шеңберінде цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клугемен кездесу өткізді.

Кездесуге сондай-ақ ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы доктор Каролин Кларинваль қатысты.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары мен негізгі іс-шараларын қарастырды. Олар қоғамдық денсаулықты сақтау, жұқпалы емес аурулардың алдын алу, денсаулық сақтау жүйесінің ТЖ-ға дайындығы мен ден қою, оның ішінде COVID-19 мәнмәтінінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (МСАК) қолдау және дамыту, КВИ-ге қарсы вакцинация науқаны, сондай-ақ денсаулық сақтау мақсатында салық салу және т. б. мәселелерді үйлестіруді талқылады.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі мен ДДҰ өкілдері ҚР ДСМ пен ДДҰ ЕӨБ арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы екі жылдық келісім жобасын талқылады.

Бұл құжатқа қол қою Қазақстан мен ДДҰ-ға Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттерді бірлесіп іске асыруға және орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.