Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында "Нұр Отан" партиясының жаңа мүшелеріне партия билеттері табысталды

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында "Нұр Отан" партиясының жаңа мүшелеріне партия билеттері табысталды

Бүгін, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Денсаулық сақтау вице - министрі Әсем Нүсіпова "Нұр Отан" партиясының жаңа мүшелері - Ғылым және адами ресурстар департаменті басқармасының басшысы Ильянур Ажгаливаға және Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті басқармасының басшысы Самал Сауроваға партиялық билеттерді табыстады.

"Жыл сайын партиямыздың қатарына әр түрлі қызмет салаларының белсенді және талантты мүшелері косылуда. Көптеген партиялық бастамаларға сәйкес, ана мен баланы қорғау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты басымдығы. Сондықтан, біздің мемлекеттік қызметкерлерімізден осы мәселеге ерекше сезімталдық пен назар аудару талап етіледі. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінде дәрігерлерді сақтандыру бойынша шаралар кешені әзірленуде. Бұл дәрігерлерді дамыту мен қолдаудағы жаңа кезең, мұнда Ғылым және адами ресурстар департаментінің жұмысы шешуші рөл атқарады. Сіздердің дайындықтарынан, білімдеріңіз және тәжірибелеріңіз талап етілетін жұмыстар саны өте көп.  Партияға кірулеріңізбен құттықтай отырып, шын жүректен амандық,  зор денсаулық тілеймін.  Сіздер осы ұйымның мүшесі болуға лайықсыздар", - деп атап өтті вице-министр.

Вице-министр қызметкерлерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке, амандық пен толағай табыс тіледі. Сонымен қатар, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен қуатты, табысты және гүлденген мемлекет құрғанымызды, біздің негізгі міндетіміз - қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап, көбейту екенін атап өтті.