
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Мәскеуде өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекциялық емес аурулармен күрес жөніндегі Еуропалық конференциясына қатысты.
Ол «Жұқпалы емес аурулармен ауыратын адамдардың денсаулығын жақсарту үшін сандық құралдарды қолдану туралы COVID-19 пандемиясынан алынған сабақтар» панельдік сессиясындағы негізгі баяндамашылардың бірі болды. Бірінші вице-министрдің баяндамасы цифрландыру призмасы арқылы инфекциялық емес ауруларды емдеуді ұйымдастыруға арналды.
«Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды цифрландыру аясында Денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті IT-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Бүгінгі күні интернет желісіне аудандық деңгейден жоғары барлық медициналық ұйымдар қосылған, дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың 99%-ы компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген1, - деп хабарлады Марат Шоранов.
Бұл ретте ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу деңгейі – 100%-ды құрайды.
«Созылмалы жұқпалы емес аурулары бар пациенттердің бірыңғай деректер базасында 3 миллионнан астам пациент бар. Қамтамасыз етілген рецептілер саны жылына 12 млн-нан асады, дәрі-дәрмек алған пациенттер саны 2 млн-нан асады»,-деді бірінші вице-министр.
Оның айтуынша, бұл бірегей пациенттердің санын нақты бақылауға мүмкіндік береді. Орташа алғанда, әр пациентке жылына шамамен 5 рецепт беріледі.
2021 жылдан бастап электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы штрих-кодпен қорғалған рецептілерді беру іске қосылды. Сондай-ақ, созылмалы жұқпалы емес аурулармен ауыратын науқастарға дәрілік заттарды алудың проактивті мониторингі қамтамасыз етілді. Пациенттерге кері байланыс алу үшін 5 млн. астам СМС-хабарлама жіберілді.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер де электрондық форматқа көшіріледі. 47 мемлекеттік қызметтің 44-і электронды форматта көрсетіледі, бұл 93%-дан асады.
«Пандемия сын-тегеуріндерін ескере отырып, қазіргі уақытта маңызды бағыт – қашықтықтан, оның ішінде созылмалы жұқпалы емес аурулары бар пациенттерге медициналық қызмет көрсету болып табылады. Ағымдағы жылы көрсетілген қашықтықтан медициналық қызметтердің, оның ішінде телемедициналық консультациялардың саны 5 млн-нан асты», - деді Марат Шоранов.
Бірінші вице-министр тәжірибе көрсеткендей, созылмалы жұқпалы емес аурулары бар пациенттерге қашықтан қызмет көрсетудің әлеуеті зор екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда ауруларды басқару бағдарламасын енгізуге тоқталды, ол созылмалы жұқпалы емес аурулармен ауыратын науқастарды қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және пациенттерге өз-өзіне көмек көрсету және емдеу жоспарын сақтауды қоса алғанда, үйлестірілген шаралар арқылы өз ауруларын басқаруға көмектеседі.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда ауруларды басқару бағдарламаларымен негізгі үш созылмалы ауру: артериялық гипертония, 2 типті қант диабеті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша 1 106 183 пациент қамтылды. Ағымдағы жылы COVID-19 пандемиясымен байланысты төтенше жағдайға және жоспарлы іс-шаралардың шектеулеріне қарамастан пациенттерді АББ-ға тарту бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. МСАК мамандары АББ - ға тартылған пациенттермен жұмыс қашықтықтан режимде жалғасуда", - деді Марат Шоранов.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда ауруларды басқару бағдарламаларымен негізгі үш созылмалы ауру: артериялық гипертония, 2 типті қант диабеті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша 1 106 183 пациент қамтылды. Ағымдағы жылы COVID-19 пандемиясымен байланысты төтенше жағдайға және жоспарлы іс-шаралардың шектеулеріне қарамастан пациенттерді АББ-ға тарту бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. МСАК мамандары ауруларды басқару бағдарламасына тартылған пациенттермен жұмыс қашықтықтан режимде жалғасуда», - деді Марат Шоранов.
Сонымен қатар, ол өз баяндамасында Қазақстанның денсаулық сақтауда жасанды интеллект технологияларын пайдалану саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Осылайша, ҚР әртүрлі өңірлеріндегі 100-ден астам медициналық ұйым бұл технологияны мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде пайдалана бастады. Алдағы уақытта еліміздің барлық медициналық ұйымдарын қамту жоспарланып отыр.
Мысалы, ЖИ технологиясы өкпе обырын, сүт безі обырын және COVID -19 вирустық пневмониясын анықтау үшін қолданылады.
Жүйелердің сезімталдығы 90%-дан асады. Енгізу нәтижелері онкологияны ерте кезеңде анықтаудың 25%-ға өскенін көрсетті.
Ұлттық деңгейде медициналық бейнелердің ұлттық қоймасын құру, оған медициналық ұйымдарды қосу жоспарлануда. Кейіннен азаматтардың медициналық зерттеулер нәтижелеріне қол жеткізуі үшін eGov порталымен және eGov mobile мобильді қосымшасымен интеграция жүзеге асырылатын болады.
«Аталған технологияны бүкіл елге таратқаннан кейін сүт безі обырын ерте кезеңде анықтау 8%-ға, өкпе обырын анықтау 15%-ға артады деп болжануда. Плёнкасыз технологияларға көшу жылына шамамен 5.5 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді» , - деп атап өтті Марат Шоранов.
Қорытындылай келе, бірінші вице-министр пациенттерден, оның ішінде созылмалы инфекциялық емес аурулармен кері байланысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс туралы хабардар етті.
Денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың өтініштері бірыңғай 1406 Call-орталығына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына, @SaqtandyryBot телеграмм бот және басқа да байланыс арналарына қоңырау шалу арқылы келіп түседі