350-ден астам медицина қызметкері Тәуелсіздік күніне орай марапаттарға ие болды

350-ден астам медицина қызметкері Тәуелсіздік күніне орай марапаттарға ие болды

Елордалық медицина ұйымдарының 350-ден астам медицина қызметкері ҚР Тәуелсіздік күніне орай түрлі марапаттарға ие болды. Бұл дәрігерлер, орта және кіші буын медицина қызметкерлері.

Сонымен, 7 адам мемлекеттік наградаларға ие болды, 3 адам «Халық алғысы» медалімен, 98 адам «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, 75 адам ведомстволық наградаларға, «Еңбек ардагері» медалімен және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілеріне, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатына ие болды.

Сондай-ақ, 187 адам Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Құрмет грамотасын, елорданың денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы мен алғыс хатын алды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудағы үздік жетістіктері үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медициналық орталық» МКК директоры Мұхтар Есенжанұлы Төлеутаевқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, ерекше ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табыс етілді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұратов Тимур Мұратұлы, басқарма басшысының орынбасары Рүстемова Әлия Шайзадайқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК директоры Саржанова Акбала Нурсеитовна алды.

«Шапағат» медалімен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК директоры Иран Маратұлы Шаметеков, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 2 Көпбейінді қалалық аурухана» МКК шұғыл Кардиология және кардиохирургия орталығының басшысы Сейіл Сейітқожанұлы Мұхаметқалиев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК жедел жәрдем жүргізушісі Татьяна Вергунова марапатталды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында әлеуметтік маңызы бар мамандықтар өкілдеріне құрмет көрсету рәсімі өтті. Іс-шара аясында «Алтын жүректі жандар» мүсіншесін елордалық медициналық мекемелердің 5 үздік медицина қызметкері алды: ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК жедел жәрдем жүргізушісі Еркін Көксеген, ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық аурухана» МКК пульмонология бөлімшесінің аға медбикесі Макиенко Марина Яновна, ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК санитаркасы Такенова Айганым Аскербековна, ШЖҚ «Көпбейінді медициналық орталық» МКК шаруашылық бикесі Маделиева Анар Естаевна және анестезиолог дәрігер – ШЖҚ Ккөпбейінді медициналық орталық» МКК реаниматологы Ерденбеков Ернұр Мұратұлы.