
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Каролин Кларинвальмен және Алматыда орналасқан ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисінің басшысы Мелита Якабпен кездесу өткізді.
Кездесуде ДДҰ-ның Алматыдағы МСАК жөніндегі кеңсесінің қызметін жандандыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Астана декларациясын, оның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясы деңгейінде ілгерілету жөніндегі жоспарлар талқыланды.
Бірінші вице-министр декларацияда «алғашқы медициналық-санитарлық көмек денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму саласындағы денсаулыққа байланысты мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті тұрақты денсаулық сақтау жүйесінің іргетасы болып табылатынын» атап өтті.
«Осыған байланысты біз денсаулық сақтау саласының екі маңызды терминін, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды біріктіруді және 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту бойынша жоғары деңгейдегі отырыс қарсаңында БҰҰ деңгейінде денсаулық сақтаудың бірлескен күн тәртібін ілгерілетуді жалғастыруды ұсынамыз», - деп хабарлады Марат Шоранов.
Бұл бастама 2022 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы деңгейінде «алғашқы медициналық-санитариялық көмекті күшейту арқылы денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізу» тақырыбына сайд-ивент ұйымдастыруды және өткізуді қамтиды.
Сонымен қатар, тараптар ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесустың 2022 жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру және Қазақстанның маманын Копенгагендегі ДДҰ Еуропалық бюросына іссапарға жіберу мәселесін талқылады.