Алексей Цой «Парыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Алексей Цой «Парыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Қазақстан астанасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы республикалық «Парыз» – 2021 байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мамин, ҚР Парламентінің депутаттары, республиканың орталық мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Байқау 4 номинациядан тұрады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін», олар бойынша «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» және «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаттарында бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері анықталады.

Денсаулық сақтау министрі ірі бизнеске «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша – «Химфарм» АҚ, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша – «NAK Construction» ЖШС, «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша – «ERG Service» ЖШС, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша - «Сичим Қазақстан» ЖШС - ға қола медаль табыстады.
Ағымдағы жылы конкурсқа қатысуға 440 ұйым өтінім берді, оның ішінде 169 ірі кәсіпкерлік субъектісі, 271 – орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері.

Конкурстың қорытындысы бойынша құрамына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, бизнес және кәсіптік одақтардың өкілдері кірген республикалық комиссиямен 28 жеңімпаз анықталды: 2 Гран-при иегері, 24 – лауреат атағы және 2 «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығының иегері.