ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Lions Eye Institute for Transplant and Research делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында кератопластиканың заманауи аспектілері бойынша халықаралық шеберлік сабақтарын өткізу мәселелері талқыланды.
Денсаулық сақтау министрі компания өкілдерін ҚР-да кератопластиканың дамуы туралы хабардар етті.
Мәселен, биыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 қалалық көпбейінді ауруханасы» базасында (ШЖҚ МКК) ТМККК және МӘМС шеңберінде халыққа шұғыл және жоспарлы офтальмологиялық көмекті жүзеге асыратын Көз микрохирургиясы орталығы құрылды, Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының базасында офтальмологиялық төсектер орналастырылған, онда 2 офтальмология кафедрасы орналасқан: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Қазақстан-Ресей медициналық университеті.
Кератопластиканы орындауды талап ететін көздің мүйізгек қабығы ауруларының, оның ішінде көздің мүйізгек қабығы патологиясының әлеуметтік маңызы зор және бұл аурулардың халықтың барлық жас топтарында таралуына және науқастардың мүгедектігіне байланысты екенін атап өткен жөн.
Осыған байланысты кератопластика қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.