
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ново-Нордиск компаниясының өкілдерімен, Таяу Шығыс, Африка, ТМД елдерінің корпоративтік вице-президенті Эмиль Ларсенмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қант диабетін емдеуге арналған инновациялық дәрі-дәрмектерді енгізу, Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттар өндірісін оқшаулау мәселелерін талқылады.
Компания ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде пациенттердің инновациялық емдеу әдістеріне кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз етуді ұсынады. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру және инновациялық молекулалар нарығына қол жеткізу мақсатында амбулаторлық дәрілік заттарды қамтамасыз ету (АДЗҚ) шеңберінде қамтамасыз ету кезінде шығындарды бөлу жөніндегі жобаларды талқылау.
Сонымен қатар, кездесу барысында ғылыми әлеуетті дамыту, соның ішінде клиникалық зерттеулер жүргізуде тәжірибе және сараптама алмасу бойынша жобаларды іске асыру мәселелері қозғалды.
Кездесу соңында Эмиль Ларсен атап өткендей, Ново-Нордиск компаниясы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі және Қазақстан аумағында өмірлік маңызды препараттарды жергілікті өндіру жобаларын талқылауға дайын.