
ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Гиният медицина қызметкерлеріне арналған тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен COVID-19 балаларды емдеу және диагностикалау бойынша оқыту семинарының ашылуында алғы сөз сөйледі.
Дәрігерлерді ЖРВИ, тұмау және КВИ диагностикасы және емдеу жөніндегі ұлттық және халықаралық клиникалық хаттамалармен таныстырады. Сарапшылар семинарға қатысушыларды ерте жастағы балалардағы бронхиолит пен пневмонияны дифференциалды диагностикалау әдісімен, сондай-ақ тыныс алу патологиясы бар науқастарда шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсетуге үйретеді.
Ажар Гиният іс-шараны аша отырып, КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылықтың өсуі орын алғанын атап өтті. Сонымен қатар, COVID-19 және ЖРВИ аралас инфекциясы жиі кездеседі.
«Ең осал контингент - бұл балалар, олардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, фондық жағдайлары, қатар жүретін аурулардың болуы күрделі ауырлық пен асқынулардың тез дамуына ықпал етеді», - деді Ажар Гиният.
Вице-министр уақтылы дифференциалды диагностика, сондай-ақ баланы емдеудің одан әрі жолын анықтау маңызды шара болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте ауруханаға жатқызу немесе стационарлық емдеуге жіберу үшін көрсетілім болып табылатын шекаралық белгілері бар аурудың ауырлық дәрежесін нақты айқындау қажет.
Сондай-ақ, министрдің орынбасары аталған шаралар стационарлар мен гипердиагностика жұмысының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Пандемияға байланысты денсаулық сақтау жүйесі барлық күш-жігерін COVID-19-ға қарсы күреске бағыттады, енді қазіргі жағдайда педиатрия саласындағы практикалық денсаулық сақтаумен еліміздің медициналық жоғары оқу орындары оқытушыларының жұмысын шоғырландыру қажеттілігі пісіп-жетілді. Бастапқы ақпаратты, клиникалық және эпидемиологиялық деректердің барлық жиынтығын жан-жақты бағалау ғана тыныс алу органдарының ауруларынан балалар арасында сырқаттанушылықты төмендету және ауруханаға жатқызу проблемасын шешуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады вице-министр.