Қазақстанда 26 мыңнан астам бала COVID-19-ға қарсы егілді

Қазақстанда 26 мыңнан астам бала COVID-19-ға қарсы егілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі КВИ ауруына қарсы күрес туралы баяндады.

«Жалпы, Қазақстанда соңғы айда сырқаттану 2,4 есеге - 1866 - дан 773 жағдайға дейін, стационардағы науқастар 1,4 есеге – 8750 - ден 6281 жағдайға дейін, амбулаториялық науқастар 1,8 есеге, 42 119-дан 23 188 жағдайға дейін төмендеді», - деп хабарлады ДСМ басшысы.

Бұл ретте, инфекциялық төсектердің қамтылуы – 30%, реанимациялық төсектердің қамтылуы – 25% - ды құрайды.

Қазіргі уақытта қызыл аймақта 2 өңір - Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

Бұл ретте орташа тәуекел аймағында немесе сары аймақта 4 өңір - Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бар.

Министр эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан жасыл аймақта, сондай-ақ жасыл аймақта 11 өңір бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ, халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.

«1 компонентпен 8,7 млн адам егілді, тиісті ересек халықты қамту халық санының 76%-ын немесе 46%-ын құрады, екінші компонентпен 70%-ын немесе халық санының 42,2%-ын қамтитын 7,9 млн-нан астам адам егілді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге Comirnaty/Pfizer вакцинациясы науқаны жүріп жатыр.

«Қазақстанға Comirnaty/Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда 35 012 бала, оның ішінде 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйелдер егілді. Вакцинаны жеткізу апта сайын жалғасуда», - деді Алексей Цой, КВИ және ЖРВИ ауруларын бақылау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатқанын атап өтті.