ҚР Денсаулық сақтау министрі мен Жапонияның Қазақстандағы Елшісі денсаулық сақтауды цифрландыру және COVID-19-ға қарсы күрес мәселелерін талқылады

ҚР Денсаулық сақтау министрі мен Жапонияның Қазақстандағы Елшісі денсаулық сақтауды цифрландыру және COVID-19-ға қарсы күрес мәселелерін талқылады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесу өткізді.

Тараптар денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған және қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Ол сондай-ақ елшіні азаматтың эпидемиологиялық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін «Ashyq» мобильді қосымшасының жұмысы туралы және Egov mobile мобильді қосымшасымен интеграцияланған вакцинацияның электрондық паспортын енгізу туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Министр қазіргі уақытта қазақстандық электрондық вакцинация паспортын 20-дан астам ел - Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу Республикасы, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия, Эстония танығанын атап өтті.

Бүгінгі таңда басқа елдермен вакцинациялау паспорттарын өзара тану мәселесі пысықталуда.
«Қазіргі уақытта ҚР фармацевтикалық нарығында дәрілік заттардың 20 позициясы және жапон Республикасының медициналық өнімдерінің 381 позициясы тіркелген.
Осыған байланысты мен Қазақстан мен Жапонияның вакцинацияланған азаматтарының трансшекаралық орын ауыстыруы үшін шектеулерді жою жөніндегі мәселенің маңыздылығы мен өзектілігін атап өткім келеді және вакцинация сертификаттарын өзара тану мәселесін қарауды ұсынамын», - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар, министр ведомство Қазақстанға жапон технологияларының трансфертін, оның ішінде COVID-19 қоса алғанда, жұқпалы ауруларды диагностикалау үшін Қазақстан Республикасының зертханалық инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған жапондық компаниялардың жобаларын іске асыруды құптайтынын атап өтті.

«Құрметті Елші, Біз Қазақстан аумағында дәрілік заттар өндірісін оқшаулауға қатысты мәселені қараудамыз. Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан денсаулық сақтау саласындағы перспективалы бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге және жандандыруға дайын екендігін білдіреді және жапон тарапының ұсыныстарын қарауға дайын», - деп түйіндеді Алексей Цой.