
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Личпен кездесу өткізді, Кездесу барысында осы саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Бірінші вице-министр елшіні «Салауатты ұлт «әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» жобасының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, қолжетімді және сапалы медициналық көмек; эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру; отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары; салауатты өмір салтын жүргізетін халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту басым бағыттар болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, Тараптар ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19 ауруы, сондай-ақ оны тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар бойынша тұрақты ақпарат алмасу түріндегі серіктестікті талқылады.
Сонымен қатар, Марат Шоранов пен Кэти Лич Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы аясында қол қойылған ҚР ДСМ мен «Astrazeneca UK Limited» жабық акционерлік қоғамының ҚР-дағы өкілдігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум туралы пікір алмасып, Меморандумда көзделген бірлескен іс-шараларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Қорытындылай келе, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың туындаған мәселелерін шешу бойынша қолдауға дайын екенін білдірді.