ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балаларды вакцинациялау жағдайымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балаларды вакцинациялау жағдайымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиният пен Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова № 71 мектеп-лицейі мен №9 қалалық емханаға барды.

Олардың сапарының мақсаты КВИ-ға қарсы және білім беру мекемелерінде балаларға вакцинация жүргізу процесімен танысу болды.

Министрлік өкілдері оқушылармен және жүкті әйелдермен, емізетін аналармен әңгімелесті. Сондай-ақ, олар вакцинациядан кейін олардың жағдайы туралы сұрады, ұйымдардың медициналық қызметкерлерімен сөйлесті және вакцинацияның барысын қадағалады.
Вице-министр мектепте балаларды вакцинациялау бойынша жақсы ұйымдастырылған жұмысты атап өтіп, вакцинацияланғандардың дәрігерлердің бақылауында болу жағдайларына оң баға берді.

Осы күндері № 9 қалалық емханада Пфайзермен вакцинациялауға жататын контингенттен 96 адам вакцинацияланды. Оның 54-і бала, қалғандары бала емізетін және жүкті әйелдер. Бүгін №71 мектепте 6 жасөспірім екпе алды.

Жалпы, елордаға вакцинациялауға жататын америкалық вакцина үшін Пфайзердің 35 100 дозасы әкелінді.