
Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының (ДДҰ ЕӨБ) директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрі А.В. Цой мен бірінші вице-министр М.Е. Шорановқа Hans Henri P. Kluge докторының атынан естелік марапатты тапсыру рәсімі өтті.
Марапат ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетімен Қазақстанның 2020 жылы ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-ші сессиясына төрағалық еткені және 2021 жылы 71-ші сессияға белсенді қатысқаны үшін тағайындады.
2020 жылы Қазақстан ҚР ДСМ министрі Алексей Цой ДДҰ тұрақты Өңірлік комитетінің 70-ші сессиясын алғаш рет басқарғанын атап өткен жөн. 2021 жылы қазақстандық делегация алғашқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК), психикалық денсаулық мәселелері бойынша бірқатар қарарларды қабылдауға және иммундау саласындағы еуропалық күн тәртібін жүзеге асыруды мақұлдауға белсенді қатысты.
ҚР ДСМ-нің айрықша рөлін және Қазақстанның медицина қызметкерлерінің COVID-19 пандемиясымен күреске қосқан үлесін, сондай-ақ елдің денсаулық сақтау жүйесін нығайту игілігі үшін ДДҰ-мен тұрақты ынтымақтастықты жоғары бағалай отырып, ДДҰ ЕӨБ ДДҰ-ның Қазақстандағы ресми өкілі доктор Каролин Кларинвальға марапаттар табыстады.
Марапатты табыстай отырып, доктор Кларинваль Қазақстан мен ДДҰ ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, «Медициналық қызметтермен жаппай қамтуды қамтамасыз ету, ТЖ-да денсаулық сақтау саласында қорғау және халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту мақсатында берілген бағытты одан әрі ұстану қажет. Көпжақты ынтымақтастық пен жалпыға ортақ қолдаудың арқасында ғана біз таяу болашақта қалыпты өмірге қол жеткізе аламыз».
Жалпы алғанда, Қазақстан халықаралық өзара іс-қимыл шеңберінде – ДДҰ, сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы екі жылдық келісімге сәйкес, 2019 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде қоғамдық денсаулықты қорғау, инфекциялық емес аурулардың профилактикасы, Денсаулық сақтау жүйесінің ТЖ-ға дайындығы және ден қою, МСАК-ты қолдау және дамыту, вакцинациялау, зертханалық қызметтердің сапасы, денсаулық сақтау, психикалық денсаулық сақтау мақсатында салық салу, қоршаған ортаның халық денсаулығына және ана мен бала денсаулығына әсері.
Алда 2022-2023 жылдарға арналған ҚР ДСМ және ДДҰ ЕӨБ арасындағы ынтымақтастық туралы кезекті екі жылдық келісімге қол қою жоспарланып отыр.
ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі:
Нұр-Сұлтан қаласы, +7 701 521 80 09, + 7 701 705 04 16