Қазақстанда КВИ ауруы 10%-ға төмендеді - Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда КВИ ауруы 10%-ға төмендеді - Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ҚР-да КВИ-мен сырқаттанушылық туралы баяндады.

«Соңғы екі аптада КВИ+ ауруының 1,3 есеге төмендегені байқалады. КВИ ауруы республика бойынша 10% - ға төмендеді», - деп хабарлады ДСМ басшысы.

Бұл ретте соңғы 2 аптада өлім-жітім 5%-ға төмендеді. Республика бойынша Инфекциялық төсектерді жұмыспен қамту – 30% немесе 6 611 төсекті, реанимациялық төсектерді - 27% немесе 634 төсекті құрайды, 1,3 есе азайды.

«Ауыр науқастардың санын азайту мақсатында өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек деңгейінде жұмысты тұрақты бақылауда ұстауы қажет», - деп атап өтті Алексей Цой.

Қазіргі уақытта қызыл аймақта 2 өңір - Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

Сондай-ақ, министр халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау науқанының барысы туралы баяндады.
«1 - компонентпен 8,5 млн.адам егілді, тиісті халықты қамту халық санының 75,3% - ын немесе 45,4% - ын құрады, екінші компонентпен 7,8 млн.адам егілді, тиісті халықтың 69% - ын немесе халық санының 41,7%-ын қамтыды», - деп хабарлады ведомство басшысы.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында тиісті тұрғындарды вакцинациялау аяқталды, Түркістан, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында 90%-дан жоғары қамту байқалады.

Балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді Comirnaty/Pfizer препаратымен вакцинациялаудың басталуына қатысты, денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, бүгінгі күні 9 өңірде 4 779 адам егілді, оның ішінде 3 351 бала, 1428 ересек адам.

Айта кету керек, «Пфайзер» вакцинасының «суық тізбегін» қамтамасыз ету үшін өңірлерге 34 бірлік мұздатқыш камера жеткізілді.

Сондай-ақ, «СК-Фармация» ЖШС 51 бірлік көлемінде мұздатқыш камераларды қосымша сатып алуды жүзеге асырды. Қазақстанға жеткізу 2021 жылдың 22 қарашасына жоспарланған.