
Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова келді. Олар облыс әкімі орынбасарының қатысуымен өңірдің медициналық ұйымдарына барды. Сапардың мақсаты коронавирустық инфекциямен күресте ақпараттық - әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Қазақстанда коронавирус ауруы екі апта ішінде 11% - ға төмендеді, алайда Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Өңірде бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның жаңа 143 жағдайы тіркелген. Эпидемиологтардың айтуынша, аймақта коронавирустық инфекцияны жұқтыру санының өсуі байқалады. 18 - 24 қазан аралығында облыста 1400 жағдай тіркелген, 11-17 қазан аралығында COVID – 19 1114 жағдайы тіркелген. Бұл аймақ коронавирустың таралу қарқыны бойынша " қызыл аймақта " орналасқан.
Осылайша, вице-министр мен комитет басшысы
ШЖҚ КМК «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» жанында ашылған модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысымен танысты.
Айта кетсек, Павлодарда бір жыл бұрын модульді жұқпалы аурулар госпиталі қысқа мерзімде салынды, ауруханада науқастарға арналған 200 төсек-орын, оның ішінде 20 реанимациялық төсек-орын жабдықталған.
Вице-министр анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесін қарап шықты. Құрамына 14 екі орынды және 4 үш орынды палаталар кіретін қабылдау бөлімінде және инфекциялық бөлімшеде болды. Сондай-ақ, Ажар Ғиниятқа инфекциясы бар науқастарды оқшаулауға арналған карантиндік 13 Мельцер бокстарды көрсетті.
Сонымен қатар, вице-министр бірнеше науқастардын оқиғаларын тыңдады. Олардың ішінде павлодарлық дәрігерлер "о дүниеден" қайтарған ер адам, науқас бір ай бойы реанимацияда жатқан. Бұл науқасты болашақта ковидті пневмониядан кейін ұзақ уақыт қалпына келу күтіп тұр.
Ажар Ғиният ұжыммен кездесу барысында 1 қазаннан бастап жоғары қауіпті топтардағы медицина қызметкерлеріне мемлекеттік төлемдер қайта басталғанын хабарлады.
Сондай-ақ, covid-19 науқастарын оңалту мәселелері талқыланды. Вице-министр штатқа реабилитолог бірлігін енгізуді ұсынды.
"Госпиталь штатына реабилитологты қосу керек еді, - деп Ажар Ғиният өз пікірін білдірді. – Осында оңалту өткізу керек. Бұл науқастарға арналған толыққанды емдеу кешені болуы тиіс, өз денсаулығын ауруханада қалпына келтіре бастауы үшін және кейін артық сапарларға күш жұмсамауы үшін керек".
Нысанның жұмысымен танысу барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова қызметкерлер мен науқастардын инфекциялық қауіпсіздігі, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Делегация мүшелеріне "№3 Павлодар емханасы" ШЖҚ КМК жұмысын бақылау барысында халық үшін алғашқы медициналық көмек қолжетімділігі және DamuMed медициналық ақпараттық жүйесін қолдану бойынша ақпарат баяндалды.
Қонақтарға емхана жанындағы ахуалдық орталық және жедел медициналық көмек, оңалту, вакцинация бөлімшелерінің жұмысы көрсетілді. Егілу кабинетінде вакциналардың сақталу шарттары тексерілді.
Вице-министр балаларды вакцинациялау және халықты covid-19-дан қайта вакцинациялау науқанын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Облыс денсаулық сақтау басқармасына медицина қызметкерлерін заманауи диагностикалық жабдықта жұмыс істеуге оқыту бойынша шараларды күшейту және вакцинация мәселелерін ерекше бақылауда ұстау ұсынылды.
Келесі тағайындалған орын "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" ШЖҚ КМК болды. Делегация мүшелеріне мамандандырылған емдеу көлемі және диагностикалық жабдықтардың барлығы жайлы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, делегация Ғ .Сұлтанов атындағы ауруханасының «Павлодар облыстық перинаталдық орталығында» болды. Жоғары қауіп-қатер деңгейіндегі жүкті әйелдерге босандыру бойынша мамандандырылған шұғыл, жоспарлы стационарлық көмек, ретинопатия кезіндегі жаңа туған балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін бөлімшелерді қарап шықты.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша облыстық штаб отырысы өтті.