
ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Марат Шоранов "Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ВРТ: Бүгінгі күні және болашақ".
Іс-шараға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде вице-министр 2010 жылдан бастап денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде бедеулігі бар ерлі-зайыптыларды қолдау бойынша шаралар іске асырылып жатқанын атап өтті. ТМККК қаражаты есебінен ЭКҰ емдік циклдерінің саны кезең-кезеңімен ұлғайтылды және 100 циклдан 1000 циклға дейін жеткізілді, ал 2018 жылдан бастап бұл технология ӘМСҚ шеңберінде қолжетімді болды.
ТМККК шеңберінде шамамен 9050 ВРТ бағдарламасы қаржыландырылды, нәтижесінде 2900-ден астам бала дүниеге келді.
"Отандық репродуктологияның жетістіктерін мойындаудың маңызды кезеңі ретінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ӘМСҚ қаражаты есебінен ЭКҰ бағдарламаларының санын 7 есеге арттыру туралы шешімін санауға болады.
Бедеулік неке маңызды медициналық-әлеуметтік проблема болып қала береді, оны шешу елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға да, әртүрлі себептерге байланысты балалы болу мүмкіндігінен айырылған пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етеді. Бедеулік деңгейі орта есеппен 15% құрайды және төмендеу үрдісі жоқ. Заманауи диагностикалық әдістердің дамуы бедеуліктің негізгі себептерін дәл анықтауға және оны емдеу әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. 40% жағдайда бедеулік ер адамның репродуктивті жүйесінің патологиясына байланысты", - деді Марат Шоранов.
Сонымен бірге, оның айтуынша, аралас бедеулік, әйел мен ер адамда бедеулік диагнозы болған кезде, әлемдегі жағдайлардың 30%-ында кездеседі.
"Мемлекет басшысы бедеулік ажырасудың маңызды себептерінің бірі болғанын атап өтті. Биылғы жылдың өзінде ЭКҰ квоталық бағдарламаларының санын жылына 7000-ға дейін арттыру туралы шешім өз кезегін 4-5 жылға дейін күткен барлық мұқтаждарға ЭКҰ бағдарламаларын өткізуге мүмкіндік берді.
Біздің қосалқы репродуктивтік технологиялар клиникаларымыз "Аңсаған сәби" бағдарламасын табысты іске асырып, 2021 жылғы бағдарламаны аяқтайтынына және мыңдаған қазақстандық отбасыларда балалардың дауыстары естілетініне сенімдіміз!"- деді вице-министр.
Қазіргі уақытта 6300 бағдарлама орындалды. Қазан айында алғашқы балалар туыла бастады. 1300-ден астам жүкті әйел тіркелді. Жыл соңына дейін бағдарлама сәтті аяқталады. Қорытынды 2022 жылдың қараша айының басына дейін шығарылады.
Мемлекет "Салауатты ұлт" ұлттық жобасы шеңберінде қосалқы репродуктивтік технологияны дамытуды қолдауды жалғастыратынын атап өту қажет.
"Бүгінде елімізде 29 ЭКҰ орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 27 жеке меншік. Қазіргі уақытта Қазақстанда "пробиркадан" 25000-нан астам бала дүниеге келді. 2020 жылы 12500 ВРТ бағдарламасы орындалды, оның ішінде 1250-і ӘМСҚ аясында. Біздің елімізде 85 000-ға жуық ерлі-зайыптылар ВРТ әдісімен емделді. Емдеу тиімділігі орта есеппен 15% - дан 42% - ға дейін өсті. Take baby home сәбиінің дүниеге келу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші 30% деңгейінде тұр, бұл үздік еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді", - деп атап өтті Марат Шоранов.
ТМККК шеңберіндегі бағдарламалар тиімділігі бойынша жақсы нәтижелері мен үлкен жұмыс тәжірибесі бар 16 жеке және 3 мемлекеттік емханаларда өткізіледі. Сонымен қатар, пациенттер осы мекемелердің қайсысында емдеуді өз бетінше таңдай алады.
Естеріңізге сала кетейік, Конгресс Қазақстандағы ВРТ-ның 25 жылдығына арналған.
Конференция жұмысына еліміздің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарының басшылары, сондай – ақ Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Грузия, Израиль, Испания, Италия, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Түрікменстан, Чехия, Жапония репродуктивті технологиялар саласындағы жетекші мамандар-бедеулікті емдеумен айналысатын дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлер, эмбриологтар, генетика және молекулалық биологтар қатысады.