ҚР Бас санитарлық дәрігері Алматы емханаларындағы егу пункттеріне барды

ҚР Бас санитарлық дәрігері Алматы емханаларындағы егу пункттеріне барды

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинмен және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалимен бірлесіп, қазіргі уақытта халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізіліп жатқан бірнеше БМСК медициналық ұйымдарына барды.
№4, №9 және №32 қалалық емханалар бекітілген халыққа вакцинация жүргізу бойынша күнделікті жұмыстарды көрсетті.
Е. Қиясов аталған медициналық ұйымдарда вакциналарды сақтау жағдайымен, суық тізбек талаптарының сақталуымен, егу пункттерінің жұмысымен танысты.

Емханалардың медициналық қызметкерлеріне арнаған сөзінде еліміздің бас санитарлық дәрігері білікті медициналық кадрлар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімді жүйесі халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетудің басты факторы екенін атап өтті.

Бостандық ауданының №4 ҚЕ-на тіркелген халқы 87 мың 571 адамды құрайды, оның ішінде ересек тұрғындар - 61 мың 779. Оның ішінде 1-ші компонентпен 48 мың 510 адам вакцинацияланды, бұл жалпы жоспардың 86,5% құрайды.

Екінші компонентпен 44 мың 856 адам егілді, бұл жалпы жоспардың 80% құрайды.

Түрксіб ауданының №9 ҚЕ-на тіркелген халық саны 43 мың 283 адамды құрайды, оның 31 мың 506-сы ересек адам. Қазіргі уақытта 1-ші компонентпен 23 мың 549 адам вакцинацияланды, бұл жалпы жоспардың 83% құрайды. Екінші компонентпен 22 мың 814 адам егілді, бұл жалпы жоспардың 97% құрайды.

Түрксіб ауданының №32 ҚЕ-на тіркелген халық саны 34 мың 970 адамды құрайды. Ересек тұрғындар - 23 мың 301. Қазіргі уақытта бірінші компонентпен 14 мың 077 адам вакцинацияланды, бұл жалпы жоспардың 67,1%-ын құрайды. Екінші компонентпен 13 мың 224 адам егілді, бұл жалпы жоспардың 63% құрайды.

Бүгінгі күні 01.02.2021-03.11.2021 жылдар аралығында Алматы қаласы бойынша I компонентпен 999 193 адам, ІІ компонентпен 934 917 адам егілді.