Қазақстанда оқушылар арасында КВИ ауруы 1,3 есеге төмендеді

Қазақстанда оқушылар арасында КВИ ауруы 1,3 есеге төмендеді
ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Марат Шаронов Үкімет отырысында Қазақстандағы COVID-19 ауруының жағдайы туралы баяндама жасады.
"222 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 105 орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 102 орында. Бүгінгі таңда жасыл аймақта 9 аймақ бар: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы", - деді Марат Шоранов.
Бұл ретте сары аймақта Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұрсұлтан қалалары бар.
Қызыл аймақта 4 өңір қалады - Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есеге, аптасына 33346 - дан 11709 жағдайға дейін, ал өлім-жітім 4,1 есеге - аптасына 761-ден 184 жағдайға дейін төмендеді", - деп хабарлады вице-министр.
Айта кету керек, дәстүрлі форматта оқитын және мектепке барған оқушылар арасында 15 028 жағдай тіркелген, оның ішінде байланыста болғандар арасында 1 317 науқас анықталды, оларға ауырған оқушылардың жалпы санының 8,7%-ы тиесілі.
"Қазан айының соңғы екі аптасында оқушылар арасында ауру 1,3 есеге азайды. Сонымен қатар, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сырқаттанушылықтың 1,4 есеге дейін өсуі байқалады. Ошақтарда 159 мың байланыста болған адам анықталды, олардың 0,8%-ында немесе 1317-де COVID-19-ға оң нәтиже анықталды", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрінің орынбасары.
Вице-министрдің мәліметінше, республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 56-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсектер 45-тен 27% - ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.
Бұдан басқа, емдеуді жалғастырушылар санының азаюы бойынша оң динамика байқалады, соңғы үш айда науқастар саны 2 есеге - 90 767-ден 43 397-ге дейін төмендеді.
Қорытындылай келе, Марат Шонанов халықты КВМ-ге қарсы вакцинациялау барысы туралы хабардар етті.
Мәселен, бүгінгі күні науқанның барлық кезеңінде 8,3 млн. адамға жуық 1-компонентпен егілді, тиісті халықты қамту халық санының 73,4%-ын немесе 44,3%-ын құрады, екінші компонентпен 7,6 млн.адамға жуық егілді, тиісті халықтың 66,6%-ын немесе халық санының 40,2%-ын қамтыды.