Нұр-Сұлтан қаласында зооноздық аурулармен күресте «Бірыңғай денсаулық» атты салааралық тәсілін қолдану бойынша семинар өтіп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласында зооноздық аурулармен күресте «Бірыңғай денсаулық» атты салааралық тәсілін қолдану бойынша семинар өтіп жатыр.

Бүгін Денсаулық сақтау Вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов «Бірыңғай денсаулық» атты салааралық үйлестіру механизмі бойынша семинардың ашылуына қатысты. Бағдарлама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ), Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) және Халықаралық жануарлар денсаулығы ұйымының (МЭБ) қолдауымен ұйымдастырылған.

Е. Қиясов өзінің құттықтау сөзінде COVID-19 пандемиясы аясында салааралық тәсілдің маңыздылығын атап өтті және ДДҰ-ға осы семинарды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

«Бірыңғай денсаулық» салааралық тәсілі биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, антибиотикке төзімділікпен күресті және т.б. қоса алғанда, адам денсаулығының, жануарлардың және қоршаған ортаның салауаттылығының тоғысындағы қатерлерді шешу кезінде өзекті болып табылады. Зооноздар ұлттық және жаһандық денсаулық қауіпсіздігіне әсер ете отырып, адамның жұқпалы ауруларының басым бөлігін құрайды», - деп атап өтті Е. Қиясов.

«Тек бір сектордың күш-жігері мәселені болдырмайды немесе шеше алмайды. Бүгінгі семинар зооноздық ауруларға қарсы неғұрлым жан-жақты және тұрақты іс-қимыл жасау бағытында ұлттық саясатты күшейту мақсатында әр түрлі секторларды бір үстелге біріктіреді», - деді ДДҰ Денсаулық сақтау жөніндегі аға Кеңесшісі доктор Омар Салех.

Сектораралық өзара іс-қимылды нығайтудың Операциялық құралын енгізу процесі Қазақстанға мемлекеттік саясатқа салааралық үйлестіруді инкорпорациялауға; тиісті секторлардан зооноздық аурулармен және адам денсаулығының, жануарлар мен қоршаған ортаның түйіскен жеріндегі басқа да жалпы проблемалармен күресу үшін «Бірыңғай денсаулық» салааралық тәсілін пайдалану бойынша өткен және ағымдағы күш-жігер туралы, сондай-ақ олардың болашаққа жоспарлары туралы ақпарат жинауға мүмкіндік береді; зооноздық ауруларды бірлесіп басқаруды жоспарлау, коммуникация, адвокатура және іске асыру мен бірыңғай денсаулық механизмі арқылы олармен күресу кезінде барлық тиісті секторларда консенсусты, іс-қимылдарды үйлестіру, тұрақты және ашық коммуникацияны қамтамасыз ету.