
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Корея Республикасымен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 2021 ж. 20-21 қазан аралығында өткен сапар аясында Ж. Бүркітбаев Премьер-Министрдің орынбасары – экономика және қаржы министрі Хонг Нам-Ки, Энергетика және индустрия министрі Сунг Вук Мун, сондай-ақ KITA, «Samsung Electrоnics», «Korea Health Industry Development Institute», «Celltrion», «Doosan Heavy Industries & Construction», «KIA» және басқа да ірі компания басшыларымен екі жақты кездесулерге қатысты.
Тараптар денсаулық сақтау және экономиканың басым салаларын дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Корея Республикасына делегация құрамында «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев және «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту ұлттық орталығы» Басқарма Төрағасы Камалжан Надыров қатысты.