
Бүгін «Астана медицина университеті» КЕАҚ-да Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымында ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс тетігін (АҚМХКБТ) пилоттық енгізу және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жобасы шеңберінде ҚР пациенттердің құқықтары туралы Хартиясына қосылу нәтижелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының бағыттарының бірі халықпен кері байланыс болып табылады. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметіндегі басымдықтар болып табылады. ҚР ДСМ медициналық фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова атап өткендей, алдағы «Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау әрбір азамат үшін «Ұлт денсаулығы» ұлттық жобасын және Халық денсаулығы мүддесінде әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын сақтау бойынша ДДҰ саясатының стратегиялық міндеттерін іске асыру мақсатында барлық жастағы әрбір адам үшін жақсы денсаулық, медициналық сауаттылық, салауатты өмір салтын жүргізу маңызды, олар елдің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының құнды ресурсы және көзі болып табылады.
«Денсаулық көрсеткіштерін тек бір ғана денсаулық сақтау жүйесі жұмысының нәтижесі ретінде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың барлық компоненттерін және бүкіл қоғамның ұжымдық күш-жігерін қамтитын бірлескен саясатты іске асырудың нәтижесі ретінде де қарастыру қажет», - деп есептейді Комитет төрағасының орынбасары.
Азаматтардың денсаулығын жақсартудағы инновациялық тәсілдер адам өмірінің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын денсаулықтың ең өзекті проблемаларына жаңа жауаптардың кең спектрін қамтиды. Л. Ахметниязованың айтуынша, бұл мәселелерді шешуде адамдардың, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың белсенді қатысуы маңызды.
«Біздің бірлескен кешенді жұмысымыз еліміздегі қоғамдық денсаулық сақтаудың көптеген мәселелерін шешуге ықпал етеді және біз бірлесіп «халық үнінен құлақ асатын медициналық ұйымдарды» құрамыз деп үміттенеміз», - деді ол.
Айта кету керек, АҚМХКБТ пилоттық енгізу 2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың мамырына дейін ҚР 17 пилоттық медициналық ұйымдарында жүзеге асырылды. Оның ішінде 6 ұйым - тіркелген халыққа амбулаторлық көмек көрсетеді, 6 көпбейінді аурухана және 5 ауданаралық көпбейінді аурухана. Жобаның мақсаты - қызмет көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және тиімділігін арттыруға жәрдемдесу және денсаулығына байланысты елеулі проблемалардан туындайтын халық үшін қаржылық тәуекелдерді азайту. АҚМХКБТ жобасын енгізудің барлық кезеңінде 17 пилоттық медициналық ұйым 954 кездесу/отырыс өткізді: Халықпен/пациенттермен 390 фокус-топ, МҰ қызметкерлерімен 394 фокус-топ және МҰ жанындағы денсаулық сақтауға қоғамдық сенім комитетінің 170 отырысы.
Осы мақсатты іске асырудың маңызды элементі жергілікті деңгейде медициналық қызметтерді пайдаланушылармен (амбулаториялық және стационарлық медициналық ұйымдардың пациенттері) Тікелей кері байланыс және диалог алу, ақпараттандырылған қоғамдық мониторингі тетігін енгізу болып табылады.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел шеңберінде пациенттердің құқықтарын реттеудің халықаралық тәжірибесін және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын ескере отырып әзірленген Қазақстан Республикасының пациенттердің құқықтары туралы Хартиясы таныстырылды.
Хартия әлемде, әдетте, адамдардың құқықтық мәдениетін, олардың құқықтары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал ететін және оларды қорғаудың қосымша кепілі болып табылатын пациенттердің құқықтарының жиынтығы болып табылады.
Ұсынылған механизмдер пациенттердің, оның ішінде туыстарының «жағымсыз» жаңалықтар туралы ақпаратты барабар және этикалық түрде алу құқығын кеңейту. Сонымен қатар, Хартияда «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаты белгіленген және АҚМХКБТ енгізілген.