М. Шоранов ДДҰ-ның ҚР-дағы тұрақты өкілімен кездесу өткізді

М. Шоранов ДДҰ-ның ҚР-дағы тұрақты өкілімен кездесу өткізді

Бүгін, 2021 жылғы 15 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі арасында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ҚР ДСМ мен ДДҰ Еуропалық бюросы арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі екі жылдық Келісімнің 3 стратегиялық басымдық бойынша жобасы талқыланды: денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту, халықты денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың жақсы денсаулығы мен әл-ауқаты.

Бірінші Вице-министр М. Шоранов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан мен ДДҰ ҚР Денсаулық сақтау жүйесін нығайту мақсатында ұзақ әрі берік серіктестікті байланыстыратынын атап өтіп, Тұрақты консультативтік және техникалық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, ДДҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі К.Кларинваль ханым бірлескен ынтымақтастықты жалғастыру мен нығайтудың маңыздылығы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2022-2023 жылдарға арналған екі жылдық келісімді әзірлеу және алдағы халықаралық іс-шаралар барысында оған қол қою жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.