
Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов келді, сапар барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын түсіндіру және орындау бойынша жұмыс жүргізілді.
Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қатысуымен өңірдегі эпидемиологиялық ахуал мәселелері бойынша облыс активімен кеңес өткізілді.
Вице-премьер Ералы Тоғжановқа өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация қарқынын күшейту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Делегация бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады, оның ішінде вице-министр Е.Қиясовтың қатысуымен Uniserv Medical Center жеке клиникасына барды. Клиникада жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталған 8-ден астам бөлімше ашылды, ересектер мен балаларға консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетіледі.
Батыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Ерлан Қиясов 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы алқа отырысын өткізді, халықты вакцинациялау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралды. «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Орал обаға қарсы күрес станциясы» ұжымдарының қатысуымен, «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы және БҚО бойынша дезинфекция орталығы.
Вице-Министр ересектер мен балаларға қызмет көрсету үшін «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған №5 қалалық емханадағы егу кабинеттерінің жұмысымен танысты. Вакциналарды сақтау және пайдалану шарттары, COVID-19 және тұмауға қарсы вакцинация рәсімдерінің сақталуы тексерілді.