А.Цой иммунобиологиялық препараттардың биофармацевтикалық зауытында болды

А.Цой иммунобиологиялық препараттардың биофармацевтикалық зауытында болды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтік делегация құрамында Жамбыл облысының Қордай ауданында болып, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы QazVac вакциналарын шығаратын биофармацевтикалық зауыттың қызметімен танысты.

Институттың бас директоры Күнсұлу Закарья атап өткендей, зауытта тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкес келетін иммунобиологиялық дәрілік препараттар шығарылатын болады. Атап айтқанда, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина.

Зауыттың қуаттылығы жыл сайын 30-дан 60 млн-ға дейін доза препаратты құрайды.