ҚР-да 600-ден астам медициналық ұйым МӘМС бойынша медреабилитация қызметін көрсетеді - Шипажай форумы

ҚР-да 600-ден астам медициналық ұйым МӘМС бойынша медреабилитация қызметін көрсетеді - Шипажай форумы

Бүгін «Шипажай-2021» VI Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті, онда Қазақстанда санаторлық-курорттық емдеуді дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстанда санаторлық-курорттық емдеу қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың бір түрі болып табылады және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте заңды түрде айқындалған. Санаторлық-курорттық емдеу денсаулық сақтау ұйымдары мен санаторийлерде әртүрлі аурулармен ауыратын азаматтарға көрсетіледі.

«Климаттық және табиғи факторлардың алуан түрлілігіне ие бола отырып, Қазақстанның 15 облысының әрқайсысы өзінің керемет көріністерімен ғана емес, емдік қасиеттерімен де таң қалдыра алады. Тиісінше, елімізде санаторлық-курорттық аймақты дамытудың үлкен әлеуеті бар», - деп атап өтті Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.

Айта кету керек, медициналық оңалту негізгі ауруды емдеу кезінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және ақылы негізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде медициналық оңалтудың 609 жеткізушісі жұмыс істейді, оның ішінде 15 санаторий, сондай-ақ 200-ге жуық жеке санаторий.

«Санаторлық-курорттық ұйымдарды дамыту және белсенді тарту үшін «ӘМСҚ» КЕАҚ қоры санаторий-курорттық ұйымдарды МӘМС жүйесіндегі медициналық оңалту жеткізушілері тізбесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізуде», - деп атап өтті М. Шоранов.
Ол сондай-ақ КВИ-мен ауырған адамдарды медициналық оңалтуды ұйымдастыру мәселелеріне назар аударды.

Айта кету керек, «Шипажай-2021» форумы - бұл шипажай-курорттық емдеудің, медициналық оңалтудың, спорттық медицинаның заманауи технологияларын дамытуда іскерлік байланыстарды дамытуға және тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаң, мұнда дәстүрлі түрде курорттық және қалпына келтіру медицинасы саласындағы ең заманауи жетістіктер ұсынылады. Жаңа технологияларды әзірлеуге, халықаралық форумға қатысуға бағытталған ғылым мен санаторий-курорттық практиканың өзара іс-қимыл жүйесін құру үшін қазіргі кәсіби байланыстарды күшейтуге, курортологтар қоғамдастығына қалпына келтіру-оңалту емін одан әрі жетілдіру стратегиясын ұсынуға, қазіргі заманғы инвестициялық ортада ұйымдастыру мәселелерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Форум аясында «Курорттық медицина: ковид ауыруынан кейінгі қалпына келтіру, медициналық оңалту, алдын алу» тақырыбында конференция, «Санаторлық-курорттық салада бірегей табиғи емдік ресурстарды пайдаланудың жаңа жолдары» атты семинары және «Санаторий жағдайындағы қалпына келтіру технологиялары: инновациялық тәсілдер» мастер-класс өткізу жоспарлануда. Бұдан басқа, Қазақстанда және шетелде әзірленген санаторлық-курорттық ұйымдар мен заманауи технологиялардың көрмесі ұйымдастырылады.