А.Цой «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

А.Цой «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі «Нұр Отан» партиясының алаңында бейнеконференцбайланыс режимінде азаматтарды қабылдады.

Қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтар түрлі сұрақтармен жүгінді. Атап айтқанда, халықтың негізгі мәселелері медициналық көмекті ұйымдастыру және емделуге квота алу, медициналық көмек көрсету сапасы, сондай-ақ дәрілік препараттармен қамтамасыз ету болды.

Нұр-сұлтан, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Түркістан және Палодар облыстарында тұратын 30-дан астам адам республикалық қоғамдық қабылдауға жүгінді.

Кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді және әрбір мәселе бойынша нақты түсініктемелер берілді.

Айта кету керек, өтініштердің көп болуына байланысты министр барлық сұрақтарға жауап бере алмады, сондықтан «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында тағы бір қабылдау өткізеді.