А.Цой МСАК деңгейінде профилактиканы күшейтудің маңыздылығын атап өтті

А.Цой МСАК деңгейінде профилактиканы күшейтудің маңыздылығын атап өтті

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовпен, С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының директоры Камалжан Надыровпен бірге Нұр-Сұлтан қаласының №5 Қалалық емханасында болды.

Министр денсаулық сақтаудың алғашқы буынының күнделікті жұмысымен танысты, вакцинация кабинеттерінің, мобильді бригадалардың, Call орталықтың, оңалту бөлімшесінің, күндізгі стационардың жұмысын бағалады.

А.Цой онкологиялық патологияны, жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін ерте анықтауға, жастар үшін қолжетімді консультативтік көмек ұйымдастыруға бағытталған белсенді профилактикалық жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазіргі уақытта ДСДҰҒО МСАК жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс топтары ұйымдастырылды.

Министр практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері дұрыс бағыттарды таңдау және халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелерін шешу процесіне тартылуы тиіс екенін атап өтті.