А.Цой Аустрия елшісімен Денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

А.Цой Аустрия елшісімен Денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Австрияның ҚР-дағы Елшісі Вилли Кемпелмен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ диагностикалық орталық салу және "Vamed"компаниясының ауруханаларды басқару мәселелері талқыланды.

"Австриялық бизнес пен жалпы компаниялардың жетекші топтарының қызығушылығы Қазақстан үшін өте маңызды. Сондықтан сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, өзара пікір алмасып, екі жақты көзқарасты анықтап алғымыз келеді", - деді А.Цой.
2010 жылдан бастап Қазақстан мен Австрия арасында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды. Алдағы күндері жалғасып жатқан ынтымақтастық аясында Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің отырысы өтеді.

"Егер біз осы Меморандумды бірлескен күш-жігермен толтыра алсақ, мен өте қуанышты болар едім. Бүгін нақты қадам ретінде Мен сізге vamed компаниясынан делегацияны алып келдім – бұл технологиялар тұрғысынан ауруханалар, госпитальдар салу, пайдалану, жабдықтау бойынша ірі халықаралық жұмыс істеп тұрған компаниялардың бірі. Бұл компания әлемдік нарықтағы көшбасшылардың бірі", - деді В.Кемпель.

Кездесу барысында Vamed компаниясының өкілдері өздері құрған медициналық орталықтардың тұсаукесерін өткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Алматы қаласында 200 төсектік көпбейінді аурухана салу жоспары талқыланды. Бұл жоба Vamed компаниясының тең инвесторлары ретінде тарту кезінде Eurasia Power Group отандық консорциумына бастамашылық етеді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру және нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама:
Vamed компаниясы бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау саласында 35 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде VAMED бес континенттің 95 елінде 1000-нан астам денсаулық сақтау жобаларын жүзеге асырды. Vamed құзыреттілігінің негізіне жобаны нөлден бастап әзірлеу, кейіннен жедел басқарумен медициналық объектілерді жобалау және салу кіреді.
VAMED клиенттердің қажеттіліктеріне, шығындар тәртібіне, кесте мен сенімділікке бағытталған бірегей шешімдерімен бүкіл әлемде танымал беделге ие.

Медициналық қызметтердің кешенді жеткізушісі ретінде VAMED медициналық мекемелерді "толық аяқталған"қаржыландыруды жоспарлайды, жобалайды, құрастырады, жабдықтайды, салады, қызмет көрсетеді, оқытады, пайдаланады және ұйымдастырады. Ұсыныс жабдықты техникалық, коммерциялық және инфрақұрылымдық басқарудың барлық аспектілерін, әсіресе медициналық жабдықты басқарудың толық спектрін, механикалық-электротехникалық шешімдерді, зарарсыздандыру қызметтерін және IT-шешімдерді қоса алғанда, жоғары сапалы қызметтерді қамтиды.