
Азия даму банкінің (АДБ), БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) және Қазақстан Үкіметінің covid-19-ға шұғыл ден қою жөніндегі бірлескен жобасы шеңберінде 2021 жылғы 15 және 17 қыркүйекте Қазақстанның барлық өңірлеріне қосымша 45 500 мың медициналық жиынтық (дәрі қобдишасы) жеткізілетін болады. Бұл бастама Жапония үкіметі қаржыландыратын АДБ жанындағы Азия-Тынық мұхиты табиғи апаттарға ден қою қорының (APDRF) қаражатынан 3 млн АҚШ доллары сомасындағы гранттың арқасында мүмкін болды.
Құрамына термометрлер, маскалар, дезинфекциялық құралдар және стероид емес қабынуға қарсы препараттар кіретін дәрі қобдишалары халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында аталған грантты іске асыру аясында АДБ және БҰҰДБ тарапынан халықаралық әріптестердің қолдауымен ҚР өңірлеріне 145 000 мыңға жуық дәрі қобдишасы жеткізілді.
Бұл бастама Қазақстан үшін, әсіресе, covid-19 пандемиясы кезеңінде маңызды мәнге ие және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігіне және БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасына халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған жобаны іске асыру бойынша бірлескен жұмысы үшін шынайы алғысын білдіреді.