
Бүгін Алматыға жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Алматы қаласында инфекциялық төсектердің қамтылуының өсу серпіні 1,2 еседен астам өскені байқалды. Реанимациялық төсектер бойынша осындай кезеңде өсім 1,6 есе байқалды.
А. Цой атап өткендей, қалыптасқан жағдай КВИ-ден болатын өлім-жітімнің болжамды өсуі және Алматы қаласының Денсаулық сақтау жүйесінің коллапсінің пайда болуы түріндегі өте ауыр зардаптарға әкеп соқтырды. Сонымен қатар, Министр Алматы қаласының әкімдігі қабылдаған КВИ-дің халық арасында одан әрі таралуын азайту жөніндегі тиімді алдын алу шараларын атап өтті.
Ол сондай-ақ вакцинация алгоритмін сақтау және бақылау қажеттілігіне ерекше назар аударды.
«Қалыптасқан жағдайға байланысты, 2021 жылдың 30 тамызы мен 03 қыркүйегі аралығында өңірге ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы жіберілді», - деді А.Цой.
Вице-министр Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы қызметінің нәтижелері туралы айтып берді. Алматы қаласының бірқатар медициналық ұйымдарын аралау нәтижелері бойынша жұмыс тобы РҚТБ ауыр науқастарының кеш түсуінің жоғары пайызы сияқты фактілерді анықтады, РҚТБ-дағы барлық пациенттерде ілеспе аурулар болды, олардың 95% - ында екі және одан да көп нозология, пациенттердің 90% - ында вакцинацияланбаған. Өз баяндамасында А. Гиният С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамын жедел тартқан фтизиопульмонология орталығының жұмысын атап өтті. Олар стационарда КВИ бар пациенттерді жүргізу бойынша қосымша консультациялар өткізді.
Сонымен қатар, дәрігерлік қызметкерлермен «Ересектерде COVID-19» ПК бойынша теориялық және практикалық семинар сабақтары өткізіліп, 49 дәрігер оқытылды.
«Жұмыс тобы Алматы қаласында КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуіне әлеуметтік қашықтықты бұзу, маска режимін сақтамау және халық арасында инфекциялық сақтықты төмендетуге ықпал етті деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, ауруханаға жатқызудың жоғары пайызы КВИ Дельта штаммымен және амбулаториялық-емханалық деңгейде жұмыстың жеткіліксіз ұйымдастырылуымен байланысты», - деп атап өтті Вице-министр.
Жалпы, Алматы қаласындағы КВИ бойынша бүгінгі жағдай тұрақтану мен төмендеу үрдісіне ие. Сонымен қатар, А. Цой атап өткендей, шектеу іс-шараларындағы босаңсулар, оқушылар мен студенттер үшін оқу жылының басталуы аурудың өсуіне әкеліп соғуы мүмкін және төсек қорының қамтылуының өсуіне және тиісінше халық үшін стационарлық көмектің қолжетімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға КВИ емдеуге тартылған стационарлардың төсек қорына тәулік бойы мониторинг жүргізу және инфекциялық стационарлардың «қызып кетуіне» жол бермеу үшін резервтік төсек орындарын ашу бойынша жедел шараларды уақтылы қабылдау ұсынылды. Сонымен қатар, А. Цой облыс тұрғындары арасында КВИ алдын алу және вакцинация мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.